Әр заманның сәні өзінше ерекше. Олардың арасынан таңғалдыратын немесе «мұны қалай киюге болады?» дейтін киімдер табылады. Ендеше, өткен ғасырлардағы сән туралы қызықты факттер ұсынамыз.
1860 жылдары әйел кең етекті көйлегі үшін өртеніп кетуі мүмкін болатын
Кринолин (ішкі көлемді белдемше) кезеңі тарихта 1850 жылдан бастап 1869 жылға дейін созылды. Қаңқасы бар мұндай кең етекті көйлектер ыңғайсыз болды. Бірақ оған қарамастан, кринолиндер кең тарады. Сол кездегі жарнамаларда тор түріндегі кринолин таңдаса, еркін қозғалу мүмкіндігі болатыны айтылды. Олар серіппелі болаттан жасалды және жеңіл болды. Алайда ол әйелдерді күтпеген жағдайлардан құтқарған жоқ. Әйелдер көйлек етегінің шеті қай жерде тұрғанын әркез бақылай алмайтын, сондықтан өздеріне жанып тұрған шамдарды түсіріп алатын. Ал ол киімнің жанып кетуіне әкелетін. Сондай-ақ, кринолині өте кең қыздар кейде есікке қыстырылып қалып, басқаның көмегінсіз шыға алмайтын кездер де болған.
Платформасы бар туфлилер жай тренд болған жоқ
XVI және XVII ғасырлардағы венециандық сән әлемге биік платформадағы туфли — чопин берді. Кей жағдайларда оның табанының биік болғаны соншалық, әйелге қозғалу үшін көмекшілер қажет болатын. Әдетте, чопиндерді қымбат материалдардан дайындады, сондықтан оны ақсүйектер киді. Аяқ киім өз иесінің статусын көрсетті және стиль талғамын көрсетуге мүмкіндік берді. Алайда, көп жағдайда оны туфлиді жауып тұратын өте ұзын көйлектермен киді. Ал кей әйелдер оны тек сәнділігі үшін емес, биік табаны көшедегі ластық пен судан қорғайтын болғасын да киетін болған.
Ерлер биік және көлемді парик киетін болған
1600-1700 жылдары француздық және британдық атақты азаматтар париктерге әуес болды. Сән бұл аксессуардың ерекшелігі мен жасампаздығы бойынша бір-бірлерімен жарысуға итермеледі. Сол кезде үлкен және биік айырымы бар париктер өзекті болды. Ақ ең танымал түс болды, бірақ басқа да реңктер қолданылды. Ал бұрымы тығыз және қатты болуы керек болатын.
Маңызды адамды білдіретін «үлкен бастық» (большая шишка) деген сөз осы аксессуардың арқасында пайда болған. Бастапқыда ол «үлкен парик» деп аталды. Себебі көлемді және үлкен париктер тек ауқатты азаматтарға қолжетімді болды.
Ол туралы алғашқы ескертуді 1781 жылы Ұлыбритания парламентінің мүшесі болған Джордж Селвиннің хаттарынан кездестіруге болады. Ол былай деп жазды:
"Заңгерлер, біздің үлкен париктер, олардың мырзаларына арналған жаңа тақырып."
Пиджак жеңдеріндегі ілгектер әскерлерді жаман әдеттен арылтты
Қазір ілгектер киімнің стилін айқындау үшін және киімді ыңғайлы ету үшін тігіледі. Аңыз бойынша, Наполеон өз әскерлерінің мұрынды немесе ауызды киім жеңімен сүртетін әдетінен арылту үшін пиджактарының жеңдеріне ілгектер тіктірген. Алайда бұл пікірді қате санайтындар да бар. Басқа нұсқа бойынша, пиджактың жеңіне ілгек тігуді дәрігерлер өтінген.
Француз дворяндары шаш үлгісін жасау кезінде кемелерден шабыт алған
1778 жылы жас Құрамы Штаттарымен одақтас болған француз флоты британдық кемені қатты зақымдады. Ұлттық мақтаныштан француз дворяндары A-lа Belle Poule шаш үлгісін ойлап тапты. Ол сәнде ұзақ болған жоқ, бірақ сол кездің суреттерінде жиі кездеседі.
Мұндай шаш үлгісін жасау үшін бастың жоғарғы бөлігіне ағаш жиектемені орналастырып, содан соң оған бұйраланған шашты қойды. Мұндай шаш үлгісін көлемді ету үшін оған жиі жапсырма бұрымдар қосты.
Мұндай шаш үлгісімен жүру өте қиын және ыңғайсыз болатын. Егер оны балға дейін ерте жасап қойса, әйелдер оның алдындағы түнді орындықта отырған күйінде ұйықтап өткізген.