- Негізгі бет
- Сән
- Осы жаздың 8...
Осы жаздың 8 тренді
Осы жаздың барлық негізгі трендін бір мақалаға топтастырып, оқырман назарына ұсынып отырмыз. Сәнқой бикештерге құлаққағыс.
Деним белдемше. Биылғы жазда деним, яғни, джинс белдемшелер сәнге қайта келді. Олардың ішінде, шашақты түрлеріне деген ұсыныс былтырғымен салыстырғанда екі есе өскен.
Гавай жейдесі. Көзің жауын алатын тропикалық принтті Гавай аралдары тұрғындарының стиліндегі жейделер – нағыз тренд.
Үсті мен асты біріккен шомылу киімі. Біріккен шомулы киімі немесе сән терминімен айтсақ, боди көктем айларының өзінде сәнге айналып үлгерген болатын. Әсіресе, қызыл түстісін таңдасаңыз қателеспейсіз.
Гингем принті. 2017 жылды Гингем принтінің (gingham) жылы деп атаса да болады. Себебі, оған деген сұраныс 100% артып отыр.
Алқызыл түс. Аталған түс жаңа буын жастарымен тығыз байланысты. Мұны дизайнерлер де жақсы ұғынады. Сол себепті биылғы сән апталықтарын осы түстегі киімдерсіз елестету мүмкін болмады.
Белбеу сөмкелер. Сырт көзге әрі белбеу, әрі сөмке секілді көрінетін фьюжн аксессуар да жаз мезгілінде таптырмас дүние. Бір жағынан ыңғайлы, екінші жағынан тренд.
Декорлы аяқ киімдер. Тас, жылтырақ, кесте секілді әрлеуіштермен безендірілген аяқ киімдерді сескенбей кие беріңіз.
Сабан сөмке. Сабан сөмкелер де 2017 жылдың жаз мезгілінің хит-аксессуары.
А. Оралқызы