- Негізгі бет
- Сән
- Осы жазда сәнге...
Осы жазда сәнге айналған білезіктер
Осы жазда білезіктерді алыстан қарағанда жейделер мен тоқыма жемпірлердің манжетіне ұқсайтындай етіп, екі қолға қатар тағу сәнге айналмақ.
Білезіктердің қандай болатындығы маңызды емес, бастысы үлкен әрі су тамшысындай бір-бірінен айнымауы керек.
Сәнді әшекейлерді Chanel, Celine, Alexander McQueen, Dsquared2 және Missoni көктем мен жаз шоуларында таныстыруда. Бұл топтамалардан талғамыңызға сәйкес білезіктерді міндетті түрде таба аласыз. Chanel-ден інжу тастан жасалғанын, Alexander McQueen-ден металдан жасалғанын, Missoni-ден мөлдір пластиктен жасалғанын алуыңызға болады.
Мұндай таңғажайып білезіктерді раушан гүлдерге толы көйлекпен де, суға түскенде киетін киіммен де тағуға кеңес береміз. Тағы да қандай киімдермен тағу керектігі Numero, Wallpaper, Elle, Jalouse және Harper's Bazaar журналдарының басылымдарында көрсетілген.
Chanel көктем-жаз 2013
Missoni көктем-жаз 2013
Celine көктем-жаз 2013
Alexander McQueen көктем-жаз 2013
Dsquared2 көктем-жаз 2013 және pre-spring 2013
Chanel мен Alexander McQueen Gala-да наурыз 2013
Chanel ақпан 2013 білезігі
Chanel наурыз 2013 және Elle Italia 2013
Harper's Bazaar UK мамыр 2013 және Elle Thailand 2013
Harper's Bazaar Australia мамыр 2013 және Numero Tokyo мамыр 2013
Париж бен Сиднейдегі сән апталығы
Numero China мамыр 2013
Wallpaper Thailand наурыз 2013
Amica мамыр 2013 және Numero China мамыр 2013
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Суреттер: buro247.ru
Қ. Бүйенбай