Осы жазда сәнде болатын көйлек түрлері

Көйлек — әйел адамның нәзіктігін айқындай түсетін киімнің бірі. Әр қыз дене пішінінің типіне, бойына және талғамына қарай өзіне келетін көйлек түрін таңдай алады. Осы жазда сәнде болатын ең стильді көйлек түрлерін ұсынамыз.

Жейде-көйлек

Мұндай үлгідегі көйлек бірнеше мерзім қатарынан трендте келе жатыр. Осы жазда стилистер көпшіліктің сүйікті үлгісіне айналған миди ұзындықтағы түрлеріне ғана емес, қысқа жейде-көйлектерге де мән беруді ұсынды. Оның белді айқындайтын да, кең тұратын да түрлері трендте болады.

Шашағы бар көйлек

Шашақ 2022 жылдың күз-қыс мерзімінде трендте болып, әлі де өзектілігін сақтап келеді. Шашағы бар жазғы көйлектермен тақырыптық қана емес, күнделікті киім үлгісін де жасауға болады. Стилистер шашағы бар жібектен, трикотаждан және басқа да жұқа материалдардан тігілген көйлектерді ұсынуды.

Денеге жабысып тұратын бандо-көйлек

Аспабаусыз киімдер мен денеге жабысып тұратын сұлба 2000-жылдардағы сәннің оралғанын көрсетеді. Бұрын денеге жабысып тұратын бандо-көйлектің қысқа түрі сәнде болды және оны өкшесі бар туфлимен кию дұрыс саналатын. Ал қазір мұндай көйлектің миди және макси ұзындықтағы түрлері кең тарап, оларды жазғы тәпішкемен немесе мюлимен кию ұсынылады. Мұндай бандо-көйлектің сыртынан кең тұратын жұқа жейде кию стильді көрінеді.

А-сұлбалы көйлек

Төменге қарай кеңейе түсетін жазғы көйлектер — нәзік әрі ыңғайлы киім үлгісін жасағысы келетіндер үшін керемет таңдау. Әдетте мұндай көйлектер үлпілдек маталардан тігіледі. Алайда, қазір қаттырақ материалдардан тігілген түрлері де сұраныста: былғары, костюм матасы, твид және синтетика. Осы жазда А-сұлбалы көйлектердің біртүсті түрлері де, жануар және гүлді принті бар түрлері де сәнде болады.

Үлпілдек жеңі бар көйлек

Осы жазда түрлі пішіндегі үлпілдек жеңі бар көйлектер сәнде болады. Оның жеңіл матадан тігілген түріне мән беріңіз. Мұндай көйлектердің ұзын да, қысқа да түрлері өзекті. Жеңі үлпілдек көйлекті винтаждық әшекеймен, ерекше пішіндегі немесе түстегі сөмкемен үйлестіру ұсынылады.

Жібек көйлек (ішкиім стиліндегі көйлек)

Жібек көйлек осы жазда да сәнде болады. Оның қара түріне ғана емес, көгілдір, сары, алқызыл секілді жұмсақ түстегі түрлеріне де мән беріңіз. Мұндай көйлекті осы жазда сәнде болатын «гладиатор» стиліндегі баулары бар жазғы аяқ киіммен үйлестіруге болады.

Ерекше ойықтары бар көйлек

Ассиметриялық пішім мен пішінді ойықтары бар киім — осы жылдың басты трендтерінің бірі. Сәнді жазғы көйлектердің бел тұсынан немесе арқасынан пішінді ойықтарды жиі кездестіруге болады. Костюм матасынан және табиғи жібектен тігілген көйлектерге ерекше мән беру ұсынылады.

Джинс көйлек

Денимнен тігілген көйлек базалық гардеробтың бөлігіне айналды. Джинс көйлектер мен сарафандар осы жазда да сәнде болады. Стилистер қысқа джинс көйлекті дөрекі аяқ киіммен, ал ұзын джинс көйлектерді нәзік өкшесі бар аяқ киіммен киюді ұсынады.