- Негізгі бет
- Сән
- Орамал тағу үлгілері...
Орамал тағу үлгілері
Жыл сайын сән ауысса да, орамал тренд болудан қалған емес. Өміршең аксессуар болуымен ерекше. Бұған бәлкім, орамалдың ыңғайлылығы да себеп болса керек. Сонымен, орамалды сіздің гардеробыңыздағы ажырамас аксессуарға айналдырудың тәсілдері:
1. Бандана ретінде тағуға болады.
2. Мойыншалма ретінде жарасымды көрінеді. Егер офистік дресс-код болса, блузкаға шағынын таққаныңыз құптарлық.
3. Білезік (браслет). Әсіресе, геометриалық принттері барларын джинс шалбарлармен, ал түрлі-түстісін, гүлдің суреттері барларын жазғы сарафандармен тақса, жарасымды көрінеді.
4. Ободок. Орамалды бүктеп, өзіңіз қалаған пішінге келтіріп, кәдімгі ободок ретінде тағасыз. Бұл ыңғайсыздау десеңіз, қазір арнайы ободок ретінде жасалған орамал түрлері де шығыпты. Соны сатып алуыңызға болады.
5. Егер асығыс болып, шашыңызды ретке келтіруге уақытыңыз болмай жатса, орамал тағып алыңыз. Тек бұл жерде түсне мұқият мән беріңіз. Орамалдың түсі мен үстіңіздегі киімнің түстері сәйкес келгені дұрыс.
6. Орамал — сөмкеге арналған аксессуар. Негізі бұл әдісті күнделікті өмірде француз сәнқойлары сәтті қолданады. Жай ғана орамалды сөмкеңізге байлап қойсаңыз, өте жинақы, әрі әдемі көрінеді.
@. @assel_assanova