Біз сіздерге бағалары қолжетімді тауарлар шығаратын бренд маркаларын таныстырмақпыз.
GAP
Марка жайлы: GAP маркасының алғашқы дүкені 1969 жылы Сан-Франциско қаласында ашылды. Сол кезден бастап компания Levi’s джинсыларын шығара бастады. Маркамен бірге өмірге келген сол джинсылар мен шалбарлар бүгін де сән әлемінің көшінен қалып қойған жоқ. Бәлкім, сіздер де GAP деген белгісі бар талай киімдерді байқаған да шығарсыз. Кеуде тұсында қалтасы бар біртүсті футболкаларға салынатын бұл белгі көбімізге таныс болуы әбден мүмкін.
Кемшілігі: Кейде бұл марканың өлшемдері американдық өлшемдермен шатасып жатады.
Тауарлардың жаңартылуы: Бір жылда 8-10 рет тауарлар жаңартылып отырады.
Бағалары: Джинсылар – 9290–16261 теңге, майка-футболкалар – 1389–5572 теңге, көйлектер – 5572–13938 теңге, жыртық күртешелер – 18585 – 23233 теңге. Дүкендерде үнемі 30%-ға жеңілдік болып тұрады.
SWIMS
Марка жайлы: Норвегиялық Swims маркасы сүйретпелердің түр-түрін шығарып, оларды жарқын түстермен жаңартты. Уақыт өте келе әйелдерге арналған өкшесіз жеңіл аяқ киімдер мен биік өкшелі батильондарды жасап шығарды. Ал ерлерге арнап лофер аяқ киімдерін ойлап тапты. Әйелдер үшін мокасиндерді түрлентті. Swims маркасының тауарлары әрі ыңғайлы, әрі сапалы, әрі қолжетімді.
Кемшілігі: Мокасиндер көбіне аяқтың бас жағын қысып жібереді.
Тауарлардың жаңартылуы: Тауарлар бір маусымда бір рет қана жаңартылады.
Бағалары: Макосиндер – 21378 теңге, бәтеңкелер – 41828 теңге.
MOTIVI
Марка жайлы: Итальяндық ең алғашқы бағасы төмен марка қазірге дейін адамдарды дизайнерлік киімдермен қанағаттандырып келеді. Киімдерінің өтімділігі жоғары бұл компанияның бағы жоғары өрмелеп тұрғалы көп болды. Компанияның әлемдік сән үрдісінде көбіне жолы болып тұрады. Тауарларын іздеп жүріп, қуана сатып алатын алушылары көп бұл компанияның бағалары да тым аспандап тұрған жоқ.
Кемшілігі: Қарпайым сатып алушылар бұл маркадан көбіне іш киімдер мен суға түсетін киімдерді таппай дал болады.
Тауарлардың жаңартылуы: Дизайнерлер осы маркамен жылына 50 коллекция шығарады. Ал дүкендердегі тауарлар әр он күн сайын жаңартылып отырады.
Бағалары: белдемшелер – 11618 теңге, көйлектер – 11618 теңге, сырт киімдер – 23237 теңге.
LE COQ SPORTIF
Марка жайлы: Спорттық киімдер мен аяқ киімдер шығаратын бұл компания дәл осы маркамен Tour de France веложарысының ойыншыларына арнайы форма дайындайды. Компания 1882 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Компанияда жұмыс істейтін француздық дизайнерлер пішім мен фурнитураның сапасына және сызбаүлгіге аса мән береді. Сырт көзге қарапайым болып көрінген осы маркадағы киімдер үстіге кигенде өзгеріп әдемі болып шыға келеді.
Кемшілігі: Спорттық аяқ киімдерінің орта өлшемдері жоқ. Сонымен қатар, кәсіби спортшыны қанағаттандыратын спорттық тауарлар 100 пайыз табыла бермейді.
Тауарлардың жаңартылуы: Тауарлар бір жылда екі рет жаңартылыды.
Бағалары: Le Coq Sportif дүкеніндегі спроттық аяқ киімдер – 13013-13013 теңге, худи – 20449-28815 теңге, поло футболкалар – 16266 теңге.
KIRA PLASTININA
Марка жайлы: Kira Plastinina маркасының авторы – ресейлік ең жас дизайнер Кира Пластинина. Өзінің бренд киім-кешектерімен бүкіл әлемнің аруларының жүрегін жаулап алғысы келетін кәсіпкердің тауарлары әлемнің бірқатар елдерінде сатылады. Kira Plastinina маркасының алғашқы көрсетілімі 2007 жылдың наурыз айында өтті. Бүгіндері Кира Мәскеуде, Америка Құрама Штаттарында, Еуропада өтетін сән апталықтарының тұрақты қатысушысы. Сонымен қатар, оның LUBLU Kira Plastinina атты арнайы бәйгесі де бар.
Кемшілігі: Компания өнімдерінің арасында мүлде дене бітімі қалыпсыз қыздарға арналған киім-кешек жоқ.
Тауарлардың жаңартылуы: Тауарлар үнемі жаңартылып тұрады.
Бағалары: көйлектер – 6971 – 11618 теңге, джинсылар – 10220 теңге, белдемшелер – 5995 теңгеден жоғары.
NAF NAF
Марка жайлы: Жерар мен Патрик Парьянт есімді француз азматтары өздерінің ортақ компанияларын 1973 жылы құрған. Әйткенмен олар тек он жылдан кейін ғана абыройға ие бола бастап, өз тауарларының қызығын көре бастады. Бұған Naf Naf маркасынан «піскен» комбинезондардың өмірге келуі әсер етті. Олар L'Oreal компаниясымен біріге отырып, киім-кешектен өзге иіс суларды да шығарып үлгерді.
Кемшілігі: Компания ер адамдарға арналған тауарлар шығармайды.
Тауарлардың жаңартылуы: тауарлар апта сайын жаңартылып отырады.
Бағалары: Жакет – 19473 теңге, сарафандар – 12966 теңге, жазғы комбинезондар – 15755 теңге.
GLORIA JEANS
Марка жайлы: «Глории Джинс» компаниясының тарихы Ростов-на-Донудағы кішігірім ұжымшардан басталды. Бүгіндері сол кішігірім ұжымшар Glоria Jeans және Gee Jay маркасымен түрлі сапалы киім-кешектер мен аксессуарлар шығаратын үлкен компанияға айналды. Көбіне компанияның дизайнерлік орталықтары шетелдерде орналасқан: Стамбулда, Сан-Паулуда, Чикагода, Вьетнамда, Лос Анжелесте, Сеулде және Токиода.
Кемшілігі: Компанияның тауарларының бағасы үлкендерге арналған киімдер мен балаларға арналған киімдерге бірыңғай.
Тауарлардың жаңартылуы: Тауарлар әр апта сайын жаңартылып отырады.
Бағалары: Блузкалар – 1854 теңгеден жоғары, джинсылар – 1854 теңгеден жоғары, суға түсуге арналған киімдер – 2319 теңге.
PULL&BEAR
Марка жайлы: Марка испаниялық Inditex концернінен (Zara, Oysho, Massimo Dutti, Stradivarius, Uterque және тағы да басқа маркалар) шығады. 1991 жылы өмірге келген компания Европаның барлық елдері мен Латын Америка жерінен және Азиядан өз дүкендерін ашып үлгерді. Компания киім-кешектің барлық түрін өндіреді. Осы маркамен іш киімнен бастап, сырт киімге дейін толық киініп алуға мүмкіндік бар. Айтпақшы, бағалары да көңілден шығарлықтай.
Кемшілігі: Компания дүкендерінен туфли алудың түкке де қажеті жоқ. Өйткені көбі өте ыңғайсыз жасалған.
Тауарлардың жаңартылуы: Тауарлар апта сайын жаңартылады.
Бағалары: Көйлектер – 8361 теңгеге дейін, ерлер кардигандары – 2319 теңгеден басталады, белдіктер – 3248 теңгеден басталады.
STRADIVARIUS
Марка жайлы: Аталмыш марка 1994 жылы ғана Барселонада өмірге келді. Inditex компаниясы сатып алғаннан бастап Stradivarius маркасы әлемге таныла түсті. Бұл брендтың атын шығаратын өзінің атақты да дарынды дизайнерлері жетерлік.
Кемшілігі: Компания ерлерге арналған киім-кешек шығармайды.
Тауарлардың жаңартылуы: Тауарлар апта сайын жаңартылады.
Бағалары: гүлді көйлектер – 7896 теңге, джинсы шолақ шалбарлар – 6037 теңге, ақ түсті топ-бандо – 2783 теңге.
ZARA
Марка жайлы: Zara маркасы арнайы таныстыруды қажет етпейді де. Ол – испандық Inditex компаниясының ең танымал бренді. Аталмыш марканың дүкендерінде ер адамдарға арналған да, әйел адамдарға арналған да киім-кешектер жетіп артылады. Сонымен қатар, аяқ киімдер мен түрлі аксессуарлар және иіс сулар да жоқ емес.
Кемшілігі: Zara маркасының ең басты кемшілігі – марканың табынушыларының көптігі. Олардың көптігінен марканың дүкендерінде үнемі адамдардың кезегі бітпейді.
Тауарлардың жаңартылуы: тауарлар аптасына екі рет жаңартылып отырады.
Бағалары: блейзерлер – 17656 теңге, бүрмеленген белдемшелер – 9290 теңге, скинни шалбарлар – 8825 теңге.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: mylitta.ru, vev.ru, gazeta.spb.ru