- Негізгі бет
- Сән
- Олимпиадалық маникюр...
Олимпиадалық маникюр
Олимпиаданы бақылап жүргендер, әсіресе қыздар байқаған шығар, спорттық сайыстың қай түрінде болмасын, спортшы қыздар өзінің нәзік жанды екенін ұмытпай, әрдайым әдемі болып жүру үшін тырнақтарына маникюр жасатып, шаштарын сәндеп, киімдеріне де аса мән береді. Спортшы қыздардың креативті маникюрлерін байқамаған адам кемде-кем шығар. Кейбірі тырнақтарында олимпиада ойындарының құндылығын суреттесе, басқалары өз елдерінің туларының түстерімен «ойнап», отансүйгіштігін көрсетуге тырысқан.
Спорт пен сұлулық – егіз ұғым болмаса да, спортшылардың талғампаздығына орай тоғысып отырады. Осыны пайдаланып, CND және Minx маникюр сауда белгілері спортшы қыздардың қолдары мен тырнақтарын сәндеу үшін барынша қамданыпты. Біріншісі олимпиадалық доғалдар мен түстерді байланыстырып, Shellac хит бояуы арқылы «Олимпиада алтыны» және «Олимпиада рухы» деген атпен екі нұсқа жасаған екен. Олимпиада спортшылары үздік британдық nail-шеберлерінің қызметін Олимпиада өтіп жатқан уақытта пайдалана алады. Арнайы маникюр ойындардың соңына дейін бүлінбей тұратынына кепілдік те береді екен.
Сонымен қатар, басқа да танымал Minx nail-сауда белгісі ұлттық тулардың нақышымен сурет салып бере алатын арнайы коллекция жасаған. Minx-маникюр - принтерден шығарылған пленка тырнаққа жабыстырылу арқылы іске асатын ерекше бояу. Маникюр жұмысы да көп уақыт алмайды. Сонымен қатар бұл маникюр ұзаққа шыдайды.
Итальяндық жүзуші Стефания Пироззидің маникюрі
АҚШ жүзушісі Мисси Франклин, австриялық жүзуші Бронт Баррат және литвалық Рута Мейлютитенің маникюрлері
Садақшы қыздар: мексикалық Аида Роман, украиналық Лидия Сиченикова және ұлыбританиялық Эми Оливер
Испандық жүзуші Мирея Бельмонте Гарсия, дат теннисшісі Каролин Возняцки, және де француз жүзушісі Марго Фаррелл
Солдан оңғы қарай, сағат тілімен: американдық мерген қыз Аманда Фюррер, британдық теннисші Хизер Уотсон, австралиялық ескек есуші Джесс Фокс, американдық желаяқ Саня Ричардс-Росс және астралиялық жағажай воллейболшысы Бечара Палмер
Венгриялық жүзуші Сюзана Якобс және АҚШ теннисшісі Винус Уильямс
АҚШ воллейболшысы Дестини Хукер
Мексикандық ауыр атлетші Луз Мерседес өз елінің туы мен Ұлыбритания туын бірлестіре маникюр жасатқан
Британдық жалау өз спортшыларының арасында танымал болды. Солдан оңға қарай: жүзуші Ребекка Алдингтон, Ұлыбритания қыздар құрамасының баскетболшысының маникюрі, гимнаст Линн Хатчисон және теннисші Лаура Робсон
Суреттер: jezebel.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina