Оқу бітіру кешіне көйлек таңдау әдетте бірнеше айға созылады. "Қандай көйлек сәнде? Маған жарасатын үлгі бар ма? Кемшіліктерімді жасыратын қандай көйлек бар?" деген сұрақтарға жауап ретінде назарларыңызға көйлектер топтамасын ұсынамыз.
2015 жылдың сәнді түстерінің бірі - көк. Сондықтан сәнқой аруларымыз көк түсінің әртүрлі реңктеріндегі көйлекті таңдауына болады:
Көйлектің үстінгі жағы жылтырмен безендіріліп, мейлінше жабық болғаны ашық кеудеге қарағанда жүз есе тартымды әрі сәнді көрінеді.
Ұлттық нақыштағы көйлекті сәнмен үйлестіріп кигісі келетін арулар көйлектің үстінгі жағын оюмен безендіріп, төменгі жағын төгіліп тұратын матадан тіктірулеріне болады.
Әйгілі "су перісінің" стиліндегі көйлек осы жылы да трендтен қалар емес. Сондықтан өзіңізге жарасымды түсті таңдап, суреттегідей етекті көйлекті тіктіртуіңізге болады.
Гэтсби стиліне жаны жақын арулар суреттегідей қара түсті жабық көйлек таңдауына болады. Бұл көйлектің ерекшелігі - жеңдері бар болғанмен, қолды көрсетіп тұратын, қарапайым стильдегі сәнді көйлек. Алайда бітіру кеші жаздыгүні болатынын есептеп, көйлек матасының қалыңдығына назар аударыңыз.
Ұлттық нақышта тігілген бұл көйлек көптеген аруларымыздың көңілінен шығары анық. Кеудесі жабық, әрі сәнді әрі қазақи көйлек сізді бітіру кешінде ерекшелендіретіні сөзсіз.
Суреттегі түстер бітіру кешіне арналған көйлектер трендінен еш уақытта кетпейді. Неге десеңіз, жаздыгүні осындай ашық, нәзік реңктер тартымды әрі өте ыңғайлы.
Сондықтан суреттегідей үстінгі бөлігі тізеге жақын аумаққа дейін түсіліріп, тігілген, етегі кең болатын көйлекті ақшыл немесе балмұздақ түстес, ашық күлгін немесе пісте (фисташка) түсінде таңдап, алуыңызға болады.
Ал сіз өзіңізге көйлек таңдадыңыз ба?
Сурет: Михаил Хван, vk.com
Ұқсас жазба:
Бітіру кешіне арналған шаш үлгілері