- Негізгі бет
- Сән
- Өкшесі алынып-салынатын туфли...
Өкшесі алынып-салынатын туфли
Фото:
vk.com
Кішкене өкшелі туфлиді бір ғана қимылмен биік өкшеліге ауыстыруды кез-келген қыз армандайтыны анық. Енді оған да мүмкіндік туды. Mime et moi атты мюнхендік аяқ киім маркасы өкшесі алмастырылатын аяқ киімдер топтамасын жасады.
Тұтынушы ұнатқан туфлиге 7 түрлі өкше ұсынылады: олар 3-сантиметрден 10-сантиметрге дейінгі биіктікті қамтиды. Оларды кез-келген жерде алмастыра беруге болады.
Қазіргі таңда аталған компания трансформер-туфлиді кең қолданысқа енгізу мақсатында қаржы жинастырып жатыр. Жақын арада бізге де қолжетімді болады.
А. Оралқызы