Танымал әртіс, модель, сұлу, сәнді әйелдердің бірі болған Одри Хепберн өзінің табиғи сұлулығы мен ішкі жан дүниесінің байлығымен таныс. Классикалық келбет пен сұлулықтың иесі ол, әйелдің қалай тартымды болу керектігі туралы көп кеңес берген. Кеңестерінде ол бастысы сыртқы келбет, киім, байлық сынды нәрселер емес, адамның ішкі жан-дүниесі, жүрегінің тазалығы мен басқаларға деген махаббат деген екен. Ендеше, сол кеңестермен таныс болыңыздар.
1. Ерініңіздің тартымды болуын қаласаңыз, жақсы сөздер айтыңыз.
2. Толып кетпей, арық болам десеңіз, тамағыңызды кедейлермен бөлісіңіз.
3. Көздеріңіздің әдемі болу үшін мейірімділік танытыңыз.
4. Шашыңыздың әсем болу үшін бүлдіршінге шаштарыңызды сипатыңыз.
5. Өзіңізге сенімді боламын десеңіз, қасыңызда біреудің болуына мүмкіндік беріңіз.
6. Адамдар зат емес, олар қайырымдылықты, мейірімділікті қажетсінеді. Өміріңізден ешкімді де зат сияқты тастамаңыздар.
7. Сізде екі қол бар ма? Ендеше, біреуін өзіңізге қалдырып, екіншісімен басқаларға көмек беріңіз.
8. Әсемдік сыртқы бейнеде емес, нағыз әсемдік - әйелдің жанында. Сұлу боламын десеңіз, ішкі махаббатыңызды көрсетіп, онымен бөлісе біліңіз.
9. Әйелдің сұлулығы оның киімі, шашы не келбетінде емес. Әйелдің сұлулығы - махаббатқа толы жанарында.
Сурет: dn.ykt2.ru