- Негізгі бет
- Сән
- Нью-Йорк сән апталығы:...
Нью-Йорк сән апталығы: сәнді маникюр
Қазір өтіп жатқан Нью-Йорктағы жоғары сән апталығы әлем бойынша сәнқой қыздарының назарында. Сіз де сән әлемінен қалыспайтын болсаңыз, ондағы ең сәнді болған маникюр үлгілерімен таныс болыңыз.
Бұл маникюрдің түстері мен түрлері әлі тек сән апталығының подиумында жарық көрді. Сондықтан жаңа трендтерды елден бұрын білсеңіз, нағыз сәнқой атанғаныңыз. Көктем-2014 топтамасының ең сәнді маникюрларын біліп, келесі көктемге даяр болыңыздар.
Lela Rose сән үйі
Бұл сән үйінің топтамасында бұлыңғыр (матовый) маникюр көптеп болды. Демек келесі маусымда бұл тренд болмақ. Өзіңізге жарасатын түсті таңдасаңыз болғаны.
Band of Outsiders сән үйі
Бұл сән үйі де бұлыңғыр маникюрды таңдаған. Бірақ ақ түс оны басқалардың арасынан ерекшелеп тұр.
Emerson сән үйі
Қиын орындалатын, суреті, принті, өрнегі бар маникюрларды жақсы көресіз бе? Келесі маусымда нейл-артты еш қорықпастан жасатып алыңыз. Әсіресе гүлді суреттер өте сәнді көрінеді.
A Detacher сән үйі
Қызғылт сары түсі осы топтамаларда ең жиі кездескен маникюр түсі болды. Сіз де 2014-тың көктеміне осындай лак бояуын алып алыңыз.
Jenni Kayne сән үйі
Ай маникюры атты алдыңғы маусымдары сәнде болған тренд қайта оралды. Енді оны нәзік ашық түсті бояумен жасаған дұрыс деп кеңес береді Нью-Йорктың сән үйлері.
Charlotte Ronson сән үйі
Геометриялық суреттер мен принттер 2014-ші жылдың көктемінде киімде де, соның арқасында маникюрда да трендке айналады. Мысалға осындай маникюр тор клатчпен жарасады.
Prabal Gurung сән үйі
Көңіл көтергісі келетін батыл қыздар жарқын түстерін таңдай алады. Мысалы ашық сары түсі тек сіздің емес, басқалардың да көңілін көтерері анық.
Desigual
Ай маникюрының тағы да бір нұсқасы. Дизайнерлер айтуынша маникюрдағы ақ пен қызыл түстердің үйлесімі де өте сәнді көрінеді.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: style.com
С. А