Неон түсті киімдер сән әлемінен түспей жүрген реңктердің бірі. Әсіресе, неон реңкті туфлилер барлық киімдермен ұтымды үйлесіп, сәнқойлардың сүйікті аяқ киіміне айналды. Дегенмен, неон түсті киімдерді киюдің де өз ережелері бар.
1. Неон түстер бір-бірімен тамаша үйлеседі, алайда, бейнеңізде екіден көп қышқыл түс болмағаны жөн;
2. Неон түс қара, сұр, ақ, денимнің аясында әсерлі көрінеді;
3. Неон реңкті киімдердің пішімі барынша қарапайым, безендіруші детальдарының барынша аз немесе мүлде жоқ болғаны жөн;
4. Неон түсті геометриялық принттер ұтымды көрінеді;
5. Неон киім пайдаланылған бейнеде көлемді әшекейлер болмағаны дұрыс;
6. Сырт көзге неон түстер сұлбаны айқындығынан айырады. Бұл дегеніміз, неон киімдер сырт көзге адамды толық етіп көрсетеді деген сөз. Сондықтан, егер сіздің артық салмағыңыз бола тұра, қышқыл киімдерді кигіңіз келсе, онда мына ережелерді ұстаныңыз:
неон түсті топты қошқыл жакетпен киіңіз; қышқыл түсті көйлек/майка/футболка/шалбардың бүйірінде қара ендірмелер болуы тиіс; неон киімнен бас тартып, неон туфли немесе аксессуар тағуыңызға болады.
Сурет: vk.com
Дайындаған: Анар Мұстафина