Сізге мына жағдай таныс па? Шкафтың алдында тұрсыз. Оның іші киімге толы, бірақ олардың ешбірі бүгін киюге келмейтін сияқты. Неліктен киім толып тұрса да, киетін ештеңе жоқ секілді көрінеді?
1-себеп: Тренд қуасыз
Қазір біз жылдам өтіп кететін трендтер әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін сән шыңында тұрған киім ертең антитрендтер қатарында тұруы әбден мүмкін. Бұл сән тенденцияларын мүлдем елемеу керек деген сөз емес, бастысы — артық кетпеу. Хитке айналып жатқан киімдерді бастан-аяқ киюдің орынан оларды киім үлгісіне бір-бірден ғана пайдаланған жетеді.
2-себеп: Гардеробыңыз дұрыс ұйымдастырылмаған
Кейде "киетін ештеңе жоқ" проблемасының артында қарапайым ретсіздік тұрады. Шкафты түс бойынша емес, категория бойынша жинап көріңіз: пиджактарды пиджактармен, жейделерді жейделермен, шалбарларды шалбарлармен іліңіз. Үй жинау бойынша сарапшы Мари Кондо шкафтағы киімдердің ұзындығы солдан оңға қарай қысқаруы керек деп санайды. Мысалы, гардероб алдымен ұзын пальтолардан басталып, соңында белдемшелер, топтар, жейделер тұруы керек. Мұндай реттілік күнделікті таңдауды жеңілдетеді.
3-себеп: Киімдеріңіздің көбі — бәрінде бар киімдер
"Жылдам сән" деген де термин бар. Бір киімді алсаңыз, ол жарты жыл да өтпей сізді жалықтырып жібереді. Мысалы, масс-маркеттен алған белдемшеңізді бәрі киіп жүреді, оны айналаңыздағы адамдардан да, инстаграмдағы суреттерден де көре бересіз. Содан соң оны көп кигіңіз келмейтін болады. Сол үшін де өзіндік стиль қалыптастыру маңызды.
4-себеп: Жиі басқаларда бар киімдерді аласыз
Қазір киім сататын дүкендер әлеуметтік желілерді жаулап алған. Оларға жазылып қойсаңыз, бір киім алдыңыздан шыға береді. Басқаларда әдемі болып тұрған киім сізде де солай болып тұрмауы мүмкін. Бірақ қызығып тапсырыспен ала берсеңіз, ол киімдер киілмей шкафта жатады.
5-себеп: Базалық киімдерге мән бермейсіз
Гардеробқа базалық киімдер жетіспесе, киімдерді бір-бірімен үйлестіру қиынға соғады. Барлық қажетті базалық киімдеріңіз болса, арасында алған трендті киімдеріңізді қосып, олардан жақсы әрі стильді киім үлгілерін шығаруға болады. Мысалы: жұқа қара жемпір, көгілдір жейде, пиджак және т.б.