Минимализм бұрыннан бар, бірақ ол соңғы жылдары нағыз трендке айналды. Ол тек киім мен интерьер дизайнында ғана кездеспейді, сондай-ақ ол көпшілік үшін өмір сүру салтына айналды. Әлем бойынша минимализмнің танымал болуының 8 себебін ұсынамыз.
Эстетикалық артықшылығы
60-жылдардың өнері мен поп-мәдениеті минимализммен сусындалды. Интерьер дизайны, көркем сурет — бұл стильдегі барлық нәрсе тартымды көрінді. Сол үшін де қазір барлығы осыған жүгінеді.
Ол сондай-ақ қолайлы. Мысалы, интерьер жайлы айтатын болсақ, бейтарап түстер, функционалдық жиһаз және шағын әшекей түріндегі акценттер үлкен де, кіші де кеңістіктерге қолданыла береді. Визуалды көлемді жақсы көретіндер үшін минимализм — жақсы таңдау.
Материалдық нәрселерге қызықпау
Пандемия және экономикалық қиындықтар кезінде көптеген адам затты аз алып, көбірек жинақ жасау керегін түсінді. Сол үшін де материалдық дүниетаным әлсіреп, минимализмге ұмтылыс көбейді.
Адамдар ақшаны заттарға емес, өзін-өзі дамытуға, денсаулыққа немесе ерекше әсерлерге жұмсауға тырысады. Сондай-ақ қазір адамдар заттардың санына емес, сапасына көбірек мән беруге тырысады. Бұл минимализмнің негізі.
Қоршаған ортаға қамқор болу
Қоршаған ортаның жағдайына алаңдайтын адамдардың көпшілігі минималистік өмір сүру салтына ұмтылады. Олар біз қаншалықты заттарды аз өндіріп, тұтынсақ, ресурстарды соншалықты аз қолданатынымызды түсінеді. Олар басқаратын заттардың санын азайту арқылы қалдыратын «экологиялық ізді» азайтады. Егер минималистік өмір салтына толықтай ауысуға дайын болмасаңыз, ең болмағанда, пластикті қолдануды азайтудан бастаңыз.
Қарызды азайту
Кредит төлейтін адамдардың көбі оларды тезірек жабу үшін минималистік өмір салтына ауысады. Өмірге минималистік көзқараспен қаржыны басқару немесе қарыздарды өтеу жеңіл. Кредит төлеу үшін шұғыл қаражат іздеуден гөрі заттарға жұмсайтын соманы азайту оңай.
Күйзелістен арылу
Біз әлеуметтік желілерден «мінсіз» өмірді көреміз. Сол үшін өзімізді нашар сезінеміз. Өз өмірімізді суреттерден көргенімізбен салыстырып, қанағатсыздық сезініп, көңіліміз қалады. Ал минимализмді жақтаушылардың ойынша, мұндай өмір сүру салты — осындай секілді сезімдерден арылудың жақсы әдісі. Бақытты болу үшін материалдық заттардың молдығы керек емесі жайлы сенім оларды басқа маңызды нәрселерге қуануға итермелейді.
Блогерлер мен атақтылардың әсері
Көптеген атақты адамдар мен блогерлер өздерінің минимализм жайлы әсерлерімен бөлісуде. Бұл олардың оқырмандарының заттардың олардың өміріне әсері туралы ойлануға мәжбүр етеді. Сол үшін минимализмді ұстанатындар саны артады. Олар мұндай өмір сүру салтын сақтау арқылы әркім жеке өзіне оның тиімді артықшылығын тауып жатыр.
Ретсіздіктен арылу
Үйде заттарға арналған орын қалмауы мүмкін. Толған затпен не істейтініңізді білмей, бірақ оларды керек болып қалады деп сақтай бересіз. Алайда түбінде оларды қолданбайсыз. Көпшілік осы ретсіздіктен арылу мақсатында минимализмге ауысуды ойлайды. Заттар аз болса, оларды не істеймін деп бас қатырмайсыз және айналаны ұйымдастыру жеңілірек болады.
Қайырымдылық жасау
Минималистердің көбі қоршаған ортаға қамқорлық жасау үшін және мұқтаждарға көмектесу үшін ақша аударатын бейкоммерциялық жобаларды құрушылар болып келеді. Қайырымдылық — минималистік дүниетанымның тағы бір артықшылығы. Ол өзін-өзі бағалау сезімін өзіңізге тиесілі заттардың санына емес, өз өміріңізді қалай басқаратыныңызға және қандай әрекеттер жасайтыныңызға байланысты дамуға бағытталған. Сондықтан егер минимализмге қадам жасағыңыз келсе және сізге қажет емес заттарды реттегіңіз келсе, оларды соларға мұқтаж адамдарға беру жайлы ойланыңыз.