- Негізгі бет
- Сән
- Не кисем екен?...
Не кисем екен?
Жаны нәзік әйел заты болғандықтан, бәріміз де бір киімді екінші күні кигіміз келмейді. Күн сайын таңертең не түнгі мезгілде «не кисем екен» деген сұрақпен бас қатырамыз. Жұрттың «басқа киімі жоқ па екен» деген сөзі миллионерлерді қызықтырмайтынын да жазған едік. Оның бірінші себебі қай күні не киетініңді ойланып, уақыт жоғалту. Уақытымыз босқа құртылмас үшін, киім таңдауда мына тәсілді қолданып көріңіз. Жұмысқа аптаның әр күні белгілі бір киім киемін деп түрін таңдаңыз.
Дүйсенбі – жейде мен белдемше не белдемше-костюм
Аптаның басында іскерлік стильде киінген жөн. Осы күні маңызды кездесулер болуы ықтимал.
Сейсенбі – көйлек (сыртына пенжак кисеңіз, тіпті қатып кетеді)
Көйлек кез келген арудың нәзіктігін айқындап, сәніне сән қосады. Сыртына пенжак кисеңіз, кез келген іскерлік кездесуге қысылмай бара бересіз.
Сәрсенбі – жейде мен шалбар
Бір шалбардың үстіне әр аптада әртүрлі жейде не топ кисеңіз, әртүрлілікке оңай қол жеткізесіз.
Бейсенбі – шалбар мен пенжак не спорттық үлгі
Жұмыста не оқу орнында классикалық үлгіден аспау керек деген қатаң тәртіп болмаса, аптаның бір күнін спорттық үлгіге арнауға болады. Бұл сіздің стиліңізге сәйкес келмесе не ережелерге қайшы келсе, шалбармен бірге пенжак киіңіз.
Жұма – жейде және белдемше
Көйлек секілді белдемше де әйел затына ерекше сән береді. Жігіттер жағы да қыздардың белдемше, көйлекке жақын болғанын құптайды.
@. @assel_assanova