Нәзік болып көрінгіңіз келсе...

ХХІ ғасырда жігіттердің қыздарға, қыздардың жігіттерге көңілі толмайтындай жайлар кездеседі. Жігіттеріміз қыз секілді киініп сәнқой болып келсе, қыз балалар керісінше өздерінің батыл екендіктерін көрсеткісі келеді. Әрине, топырақты көпке шашудан аулақпыз. Бүгінгі тақырыбымыз қыздардың қылықтылығына арналады.

Қылықты әрі нәзік қыз болу үшін себеп керек. Оның себептері де аз емес.


1-себеп: Нәзіктік кез келген қыз баласына жарасады. Артық салмағы бар қыздар өзін көрікті әрі жеңіл етіп көрсетеді. Осы қасиеттің арқасында көп ер жігітке ұнауға болады.

2-себеп: Нәзіктік қыз балаларды жас әрі сүйкімді, сұлу етіп көрсетеді.

3-себеп: Нәзіктік ең дөрекі деген адамның жүрегін жылытады. Мысалы, кезекте тұрған нәзік қызға дауыс көтеруге ешкімнің де батылы бармайды.

4-мысал: Нәзік жандарға барлығы да көмектесуге дайын тұрады, әрі бейтаныс адамдармен жылдам тіл табысады.


Нәзік болып көрінуге не көмектеседі?

1. Жинақылық. Қайда барсаңыз да асықпаңыз. Ал асықпау үшін үйден дәл уақытында шығыңыз. Істеріңіздің барлығын алдын ала жоспарлаңыз. Үнемі жүгіріп жүретін қыздар нәзіктіктің не екенін ұмытып кетеді.

2. Күтім. Өзін құрметтейтін қыз үнемі шашын таза ұстап, киімдерін үтіктеп киеді және тырнақтарын ретке келтіріп отырады.

3. Әдемі сөйлеу мәнері. Жылы сөздермен мұз болып қатып қалған жүректерді ерітіп, қажет кезде адамдарды өз ырқыңызға көндіруге болады. Сол себепті дауысыңыздың сыңғырлап шығуына мән беріңіз. Дөрекі, былапыт сөздерден сақтаныңыз.


4. Қарапайым жүру мәнері. Кейде небары 45 килограмм салмағы бар қыздардың 145 киллограмм салмағы бар адамша жүретінін байқауға болады. Және тағы да бір үлкен қателік – тізені бүгіп жүру. Әсіресе, биік өкшесі бар аяқ киім киген кезде аяқтар еш бүгілмей, сан мен балтыр бірдей қозғалуы керектігін ескеріңіз. Сәнбикелердің жүрісін қайталап «8» санын жасап жүрудің де қажеті жоқ. Сырт көзге өте күлкілі көрінеді. Және бел мен жамбасты бұлтаңдатпауға тырысыңыз.

5. Сіз араласатын адамдардың ішінде нәзік арулар бар болуы мүмкін. Олардың қалай қозғалатындығын, сөйлеу мәнерін, өзін-өзі ұстауын, адамдармен қалай сөйлесетінін жақсылап бақылаңыз. Немесе мұндай қасиетті әртістердің бойынан іздеп көріңіз.


6. Нәзіктік кез келген жаста маңызды рөл атқарады. «Қыз күнінде бәрі жақсы...» деген мақалдың мәнісін түсінесіз бе? Ұрысқақ адамдар өзін жақсы көрмейді, өзіне аяушылық танытпайды. Өмірде қандай қиындықтар болмасын қыз баласы нәзік болып қала беруі тиіс. Өнер мен өмірді, жұмыстағы жетістіктер мен отбасылық өмірді үйлестіріп жүрген адамдар да, сабақ пен жұмысты қатар алып жүрген қыздар да жетерлік. «Ал осы адамдар не себепті нәзіктікті таңдады? Олардың басқа мінезді де таңдауға мүмкіндігі бар еді ғой?» деген сұрақтар туындауы мүмкін. Жауабы біреу - олар өздеріне «ыңғайлы» болу үшін осылай жасайды. Нәзік қыздар 1000 жауынгерді басқарған қолбасшыдан да артық істер тындырып, өз дегенін жасата алады. Сондықтан да нәзіктіктің пайдасын сезініп көріңіз.

Ал сіздің мінезіңіз қандай?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:blogs.namba.kg