- Негізгі бет
- Сән
- Мойынорағыш тағудың 10...
Мойынорағыш тағудың 10 тәсілі
Соңғы кездері көрпе мойынорағыштың сәнді аксессуарға айналғандығы ешкімді таңқалдырмайтын шығар. Ол күзде де, қыста да жылы әрі оны киіну мәнеріңізге сай сәндеп таға аласыз. Кезекті материалымызда мойынорағышты сәндеп тағудың 10 тәсілін ұсынамыз.
1. Ілмек
Мойынорағышты иығыңызға салып, сол етегін оң иығыңызға, оң етегін сол иығыңызға жабыңыз. Екі шетін ішке қарай қайырыңыз.
2. Бандана
Мойынорағышты ұшбұрыш етіп бүктеп, кеудеңізге қойыңыз. Мойныңыздың арт жағынан екі ұшын біріктіріп, байлаңыз. Барлық шетін ішке қарай қайырып шығыңыз.
3. Орау
Мойынорағышты екі қабаттап, үстіңізге ораңыз. Үстінен белдік тағыңыз. Төменгі бөлігін белдемшенің жырығына ұқсатып ашып қоюыңызға болады.
4. Классикалық
Мойынорағышты бірнеше қабатқа бүктеп, оны мойныңыздың сыртын айналдырып тағыңыз. Екі ұшын бірдей етіп тағуға тырысыңыз.
5. Пелерина
Мойынорағышты ұшбұрыштап байлап, иығыңызға жамылыңыз.
6. Созу
Мойынорағышты бірнеше қабатқа бүктеп, екі ұшын біріктіріп, мойныңызға тағыңыз. Мойныңызға таққан соң, пайда болған шеңберден екі ұшын өткізіңіз.
7. Ашық иықты пелерина
Жоғарыдағы бесінші тәсілді қайталайсыз. Бірақ мойынорағышты төменірек түсіріп, кеуде тұсына байлайсыз.
8. Снуд
Әмбебап үлкен мойынорағышты хомут мойынорағышы алмастыра алады. Көбінесе қыздар оны басын жылы ұстау үшін пайдаланады. Мұны жасау өте оңай: ұшбұрыштап, басыңызға тағыңыз. Бір жақ шетін қарама-қарсы иыққа тағыңыз.
9. Белдікті пончо
Мойынорағыштан үшбұрыш жасап, оны иығыңызға жамылыңыз. Артынша беліңізге белдік байлаңыз.
10. Жылы
Егер суықтап қалудан қорықсаңыз, осы тәсілді қолдануыңызға болады. Мойынорағышты созып, оны бірнеше қабат етіп ораңыз. Қайта-қайта қабаттай бергеніңіз жөн. Мойныңызға тағып, пайда болған ойыққа екінші шетін өткізіңіз. Және шетінің бірін тамаққа жақындатып, көтере түсіңіз.
Ал сіз мойынорағышыңызды қалай тағасыз?
Қ. Бүйенбай