- Негізгі бет
- Сән
- Моншақ - киімнің...
Моншақ - киімнің көркі
Жадыраған жаз күнінде әдемі болып жүрмеуге қақымыз жоқтай. Әдемі болып жүру үйлесімді киім киіп, жарасымды әшекей тағуға да байланысты.
Биылғы жылғы жазда үлкен моншақтар сәнде. Олар ағаштан, металдан, пластмассадан, бисерден, қымбат һәм аса қымбат емес материалдардан жасалады. Ұзындығы да әртүрлі, кейбірінің ұзындығы белге дейін жетеді.
Моншақтардың түстері ашық және әртүрлі түстер мен әртүрлі стильдердің үйлесімінен болғаны дұрыс. Ұзын моншақтар мойынды ұзын ғып көрсетіп қана қоймай, бойды да биік етіп көрсетеді. Оларды мойынға бірнеше рет айналдырып таққанда, моншақ қатарларының дәл болып тұрғанын қадағалаңыз. Моншағыңыздың түсі киіміңізбен бірдей болмауы керек, одан сәл ашық не сәл күңгірт болғаны жөн. Моншақты мойынға ғана емес, бірнеше қабат етіп қолға да тағуға да болады.
Егер көйлегіңіз не кофтаңыздың өңірі дөңгеленіп келсе, моншақтың да киіммен дәлме-дәл дөңгеленіп тұрмағаны жөн. Оның өңірден бірнеше сантиметр қысқа не бірнеше сантиметрге ұзын болғаны дұрыс.
Әшекей таңдаудың қыр-сырына да көз қырыңызды сала отырыңыз.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: rastikosa.com
Р. Роза