Ертеректе монки аяқ киімі қарапайым киінгісі келетін адамдарға арналған болса, бүгінде монки аяқ киімі иесінің табысты, талғамы керемет және қойған мақсаттарын жете білетін адам ретінде танытады. Бір сөзбен айтқанда, өзінің киім киісіне мән беретін адамның және танымал дизайнерлердің топтамаларында бар аяқ киім үлгісі десек қате айтпаймыз.
Бұл аяқ киімнің атауы ағылшынның «monk», монах сөзінен шыққан. Монкидің басқа аяқ киімдерден ерекшелігі – бауы болмайды. Тарихына үңілсек, бұл қарапайым аяқ киім ретінде тағайындалған екен және бұл аяқ киім түрін негіздеушілердің басты қойған мақсаттары – ыңғайлы, арзан және ұзақ уақытқа шыдайтын аяқ киім тігу. Бүгінде монки қымбат аяқ киімдердің бірі. Алайда, стильге сай, ұзақ уақыт киіп жүруге болатын, ыңғайлы және сәннен шықпайтын аяқ киім екені рас.
Қазірде монки аяқ киімінің екі түрі бар: monkstrapshoe – бір белбеушесі және doublemonkstrapshoe – екі белбеушесі бар үлгілер. Екінші үлгі белбеушесі екеу болғандықтан, бәтеңке секілді тігіледі.
Монкилердің басты ерекшеліктері – таза былғары немесе күдеріден тігілуі және ұшы үшкірлеу болып келуі. Жас дизайнерлер монкилерді оксфордтар секілді тесіп безендіріп жүр.
Классикалық үлгідегі қара монкилерді офиске, университет, мектепке костюм-шалбармен киген дұрыс. Көбінде ер адамдар бұл аяқ киімді қымбат болып келгендіктен кездесулерге, маңызды шараларға киеді.
Алайда, шетелдерде жігіттер монкиді "стрит стайл", "кэжуал" стильдерімен үйлестіріп киіп жүр. Бұл, әрине, әр түрлі дизайнерлердің осы аяқ киімді табыстау үлгілерінің нәтижесі. Сонымен қатар, бізге белгілі, шетелде адамдар киім киіске қатты сынмен қарамайды. Соның салдарында халық еркін киіне алады.
Бұл аяқ киім үлгісі осыған дейін мен таныстырып кеткен оксфорд аяқ киіміне жақын саналады. Әрине, араларында айырмашылық бар және екеуінің тігілуінің тарихи мақсаттары әртүрлі.
Ал қайсысы жігіттерге ұнағанын өздерінен сұрасақ қана біле аламыз.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз:
Жігіттер сәні: костюмды қандай түспен үйлестіру керек?
Cән әлемінде танымал "Оксфорд" туфлилері
Casual стиліндегі «дезерт» атты ерлер аяқ киімі