Танымал дизайнер Вивьен Вествудтің модельдері Париждегі Сән апталығында қалпақ пен сәукеле киіп шықты. Күз/Қыс-2016 жинағы 5 наурызда ұсынылды.
Сән апталығындағы көрсетілімде модельдер Орта Азия халықтарының дәстүрлі киімі қалпақ пен сәукеленің формасына ұқсайтын киіммен шықты. Сыртқы киімдері де осы стильде болған. Кейбір аксессуар мен киімдердің элементтері Орта Азия халықтарының әшекей-бұйымдарына ұқсайды.
Вивьен Вествуд − ағылшын дизайнері, панк стилінің негізін қалаған. Ол 1971 жылы киім дизайнымен айналыса бастап, Let It Rock дүкенін ашқан. 1974 жылы дүкен Sex деп аталды. Қазір модельер 74 жаста.
Дереккөз: Tengrinews.kz