Көп бойжеткендер реңк беруші кремдерді біркелкі етіп жаға алмайды. Осы материалымызда оны дұрыс жағудың 25 тәсілін ұсынамыз. Бұл тәсілдерді пайдаланбас бұрын, бет теріңіздің түрі мен түсін анықтап алғаныңыз жөн.
1. Майлы беттерге флакондардағы сұйық реңк беруші кремдер лайық. Құрамында майы аз, майда опа ұнтақтары көп. Мұндай опа бет терісіндегі артық майды жасырып, ұзақ уақытқа дейін тегіс қалпын сақтайды. Беже дәндері мен мия өнімдері теріні бүлінуден сақтайды. Мұнымен қатар сұйық кремдер жұқа етіп жағылады.
2. Безеуі мен ұсақ тесіктері көп беттерге опаны пайдаланған дұрыс. Опаның арқасында бет терісі нәзік болып көрінеді. Құрамындағы антибактериялық қоспалардың да маңызы зор. Мысалы, филодендрон экстрактісі безеулерден қалған орынды емдеп, қабынуларды болдырмайды. Опа біртегіс етіп жағылсын десеңіз, алдымен бетіңізді дымқылдандырып алыңыз.
3. Құрғақ беттерге құрамында А және Е дәрумендері бар реңк беруші кремдерді пайдалана беруге болады. Мұндай кремдерді саусақ ұшымен немесе косметикалық губкамен жаққан дұрыс.
4. Әжімдері бар бетке сұйық реңк беруші кремді пайдалануға кеңес береміз. Бетті ылғалдандырып, әжімдерді жазады. Оны құрамында хитин немесе бидай ақуызы қосылғанын таңдаңыз. Аталған заттектер тек ылғалдандырып қоймай, сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды.
5. Егер теріңіздің түсі мен тегістігі ұнаса, қарапайым күндізгі кремдерді пайдалана берсеңіз болады. Күндізгі макияжға қарапайым крем лайық болғанмен, кешкі макияжға реңк беруші кремді таңдағаныңыз дұрыс.
6. Крем көзіңіздің түсімен де үйлесуі керек. Реңк беруші крем сіздің табиғи сұлулығыңызды өзгерту үшін емес, оны әрлендіре түсу үшін қолданылады. Оны сатып аларда «байқап білуге» арналған кішкене құтыдағысын сұраңыз. Оларды күндіз үйде иегіңіз бен бетіңіздің жартысына жағып, 10 минут күтіңіз. 10 минуттан кейін өзіңіздің табиғи түсіңізге ұқсағанын сатып алыңыз. Кез келген кремнің түсі бетке жаққан соң 10 минут ішінде өзгереді.
7. Реңк беруші кремді жақпас бұрын, күндізгі кремді жағып, 5 минут бетіңізге сіңгенін күтіңіз. Артынша қалдығын қағаз сулықпен сүртіңіз.
8. Реңк беруші кремді саусақтарыңызды ортадан шетке қарай дөңгелету тәсілі арқылы жағыңыз. Керісінше жақсаңыз, әжімдер мен майда тесіктерге көбірек сіңіп, әлпетіңіз нашар көрінетін болады.
9. Күндізгі макияж үшін аз мөлшерін саусақтарыңыздың ұшымен жағып, бетіңізді алақандарыңызбен жеңіл қағыңыз. Қолыңыздың температурасының арқасында крем жақсы жағылады.
10. Реңк беруші кремді әрдайым ұсақ бұршақтар етіп жағыңыз.
11. Қоңыр түсті кремдерді таңдағанда, абай болыңыз. Ол көп адамдарға жараса бермейді. Орнына ақшыл сары, персик түстес, бал түстерін пайдаланыңыз.
12. Жаздың ыстық күндерінде ультракүлгін сәулелерден қорғайтын кремдердің 8-ден жоғарысын қолданыңыз. Ол көп уақыт бойы күн сәулесінен қорғайды.
13. Макияжыңызда еш кемшіліктер болмасын десеңіз, күндіз жасауға тырысыңыз.
14. Опаны таза каучуктен жасалған губкалармен жағыңыз. Олар иілгіш әрі майда тесіктерді бітеуге жақсы. Қолданған губкаңызды бірден жылы сумен шәйіп, артынан кептіруге дағдыланыңыз. Бұл ауруды туындататын микробтардан қорғайды.
15. Егер макияжыңыз тым жасанды болып көрінсе, алақаныңыздың сыртқы бөлігіне 1/1 реңк беруші крем мен ылғалдандырушы кремді араластырыңыз.
16. Сатып алған реңк беруші креміңіздің түсі тым қанық болса, оны қоқысқа тастауға асықпаңыз. Оны ыдысқа құйып, ашық түсті креммен араластырып, қажет түсіңізді алған соң күнделікті пайдалана беріңіз.
17. Бетіңіздегі қызыл дақтарды жасыру үшін реңк беруші кремнің алдында «арнайы» жасыл түсті кремді жағыңыз. Жасыл түс қызыл түсті ыдыратып жібереді. Ал үстінен теріңіздің табиғи түсін жақсаңыз, қызыл дақтардың орны да қалмайды.
18. Макияжын түзетуге қолы тие бермейтін бойжеткендердің жууға келмейтін косметиканы пайдаланғаны жөн. Арнайы құрамының арқасында мұндай реңк беруші кремдер 12 сағатқа дейін сақталады. Бірақ, оны мамандар деңгейінде пайдалана білуіңіз керек. Бір рет жағылған крем сүртіп жіберуге келмейді. Бір минуттан соң өз теріңізден айнымай сақталып қалады.
19. Арнайы кремдерді пайдаланғаныңызға қарамастан, бетіңіз әрсіз көрінетін кездер де болады. Мұндайда реңк беруші кремді жақпас бұрын алдымен ампулдағы сұйықтықты жағып алыңыз. Бұл тәсілді ерекше жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Біріншіден – бет терісіне зиян, екіншіден – капсулалардың бағасы тым қымбат.
20. Қатты құрғаған теріге реңк беруші кремді жағу қиын, бет терісі қабыршықтанып кетеді. Мұндай жағдай болмас үшін майлы кремді бетіңізге алақаныңызбен қағу әдісі арқылы жағыңыз.
21. Көп бойжеткендер реңк беруші кремдерді біркелкі етіп жаға алмайды. Сіз де ме? Олай болса силиконмен макияж жасап көріңіз. Құрамында силикондары бар реңк беруші кремдер теріде жақсы сырғып, оңай жағылады. Оны жағып болған соң, артығы өздігінен жоғалып кетеді.
22. Бетіңізге реңк беруші кремді жаққан соң, міндетті түрде дақты жасырушы қарындашты қолданыңыз. Қарындашты қолданған соң, үстіне кішкене ғана реңк беруші кремді қайтадан жағыңыз.
23. Макияж аяқталған соң, шашыңыз бен киім жағасына жақын аймақтарды косметикалық сүлгімен сүртіп тастаңыз.
24. Визажист мамандар «дайын» макияжға минералды суды пульверизатордың көмегімен шашады. Мұндай макияж теріге жақсы сіңіп, табиғи көрінеді.
25. Бағасы қымбат реңк беруші кремдердің құрамында оптикалық пигменттер болады. Олар дақтарды жасырып, беттің түсін бірқалыпты етеді.
Алайда табиғи сұлулыққа еш нәрсе жетпейтінін жадыңызда ұстап, реңк беруші кремдерді ерекше жағдайларда ғана пайдалануға тырысыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk желісінен