Металлик киімдерді тек арнайы кештерге киюге болады деп ойласаңыз, қателесесіз. Соның ішінде, металлик белдемшені таңдауға болады. Оны немен киюге болатындығына тоқталамыз. Ақ футболка мен кеды Нәзік көріне отырып, өзіңізді ыңғайлы сезінгіңіз келсе, металлик белдемшені кедымен үйлестіріңіз. Оның классикалық ақ-қара түрі де жараса береді. Бұл киім үлгісіндегі кедыны биік өкшелі туфлиге ауыстырып, қандай да бір әшекей тағу арқылы оны кешкі киім үлгісіне айналдыруға болады. Гранж Дөрекі гранж стилі қанық түсті металлик белдемшемен басқаша көрінеді. Қара свитер мен қанық түсті металлик белдемшені таңдауға болады. Ал аяқ киімнің тіптен басқа түсті болуына болады. Классикалық жейде Ер адамдар стиліндегі классикалық жейде таңдаған жөн. Металлик белдемшенің пайеткамен безендірілген түріне мән беріңіз. Мұндай киім үлгісіміен қайда баратыныңызды аяқ киім түрі шешеді. Свитер Көктемнің бастапқы кездері металлик белдемшені оверсайз свитермен киюге болады. Бұл қалыптасқан тренд болып табылады. Свитердің көктемге сай түстерін таңдаған жөн.