- Негізгі бет
- Сән
- Mercedes-Benz Fashion Week...
Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының алғашқы көрсетілімі өтті
17 қазан күні The Ritz-Carlton Almaty-да Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының алғашқы көрсетілімі өтті, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Mercedes-Benz Fashion Week − еліміздегі көптен күткен шараларының бірі. Аталмыш шара Қазақстандық сән индустриясының дамып, өркендеп келе жатқанының бірден-бір дәлелі десе болады.
Қазақстандық сән апталығына шетелден келген қонақтар қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сән әлеміндегі танымал шетелдік тұлғалардың Қазақстан дизайнерлерінің жұмысын бағалауға келуінің маңызы зор.
"Стрит стайлын" ұстанып, киініп келген қонақтар бірінен-бірі асып жатты.
Дизайнерлердің топтамасы ерекше болды. Әлемдік сән индустриясының дәрежесінен алшақ емес деуге болады.
Арнайы Massaget.kz үшін: Фариза Әбілова
Сурет: @massaget.kz
Ф. Абилова