Сәлем, адам!
Мен – сенің тәніңмін.
– Мен сен қалай ойлайсың, саған солай көрінемін. Өтінемін, мен туралы жақсы заттар ойлашы...
– Сен ылғи ауруларды қолдан жасап шығарып, оны менен іздейсің. Мен сенің көңіліңді қалдырмау үшін ауырамын.
– Сен әрқашан жаман ойлармен санаңды улайсың. Олар менің ойымдағы бағалы өмірлік күшімді өз бойларына тартып алады. Мен ауырамын.
– Сен қуанғанда, мен де әлдеқайда жасарып, бойыма күш бітеді.
– Менің мүмкіндігім зор. Маған сен. Менің қолымнан бәрі келеді. Емделмейді деп қойылған диагноздың өзін жоққа шығара аламын. Тек өзіңнің тілегің мен сенімің арқылы маған қол ұшыңды берсең болғаны.
– Мен қызметім мол. Мен сен қаласаң жасара аламын. Сен қаласаң қартаюым да мүмкін. 35-40 жасыңда сен неге қартаю туралы ойлай бастайсың?
– Тамақ жеместен бұрын, менің қалауымды да сұрап көріңіз. Егер мені тыңдай алсаң, саған көп сұрақтың жауабын өзім-ақ айтамын.
– Өтінемін, сұлу боламын деп, түрлі дәрі-дәрмекпен, ботокстармен мені бүлдірмеші.
– Мен қыдырғанды жақсы көремін. Жүзуді ұнатамын. Жүгіргенді сүйемін.
– Мен саған сенемін. Егер сен бәліштің бір бөлігін жеп, семіріп кетемін деп ойласаң, мен сенің ойыңды шындыққа айналдырамын.
– Мен сені қатты жақсы көремін. Кейде сенің аузыңнан алғыс пен жылы сөздерді естігім келеді.
Мен сенің тәніңмін! Сенің жеке кеңістігіңмін!
Егер сен менің мінсіз болғанымды қаласаң, санаңды жаулаған жаман ойлардан арыл. Бір-бірімізге осылайша көмектесейік.