Түлектер мектеп бітіру кешіне дайындықты көп уақыт бұрын бастап кетеді. Бірақ қарапайым көйлек пен бейберекет, бірақ сүйкімді жиналған шашпен де кештің гүлі болуға болады. Атам заманнан бері қыз бойындағы биязылық пен жинақылық құпталған. Біз сол стандарттан ауытқымауға шақырамыз.
№1 ереже
Мектеп бітіру кешіне арналған қандай да бір нақты сән үлгісі жоқ. Ең бастысы – өзектілік шеңберінен шықпау. Кешкі көйлектерге тән тартымды әрі ашық бейненің орнына, екпінді балғындыққа жасағаныңыз абзал. Болашақ студент қыздардың бойынан биязылық, табиғилық пен романтиканың есіп тұрғаны жақсы. Яғни, мини белдемшелер мен біз өкше туфлилер орынсыз болып табылады. Көйлек денені жауып тұратын, етегі тізеден сәл төмен болғаны жақсы. Аяқ киімнен – қайықша туфли, тіпті слиперлер немесе лоферлерді таңдасаңыз болады.
№2 ереже
Бейберекет жиналған әдемі, таза, күтілген шаш – үздік шаш үлгісі болып табылады. Жасанды шаш үлгісі, әр бөлшектің өз орнында тұруы аса қызықсыз. Қыз бойында көзтартарлық ұсақ-түйектердің болуы, ерекше біреңеге екпін беріп, сүйкімді бейне жасай алуы маңызды.
№3 ереже
Макияж – уылжыған, табиғи бет әлпеттің сұлулығын айқындап тұруы қажет, бірақ тым басым болмағаны жөн. Классикалық мысал – Коко Шанель: бәрі шағын, жеңіл еңлік, көзді сүрмемен айқындау.
Сурет: ulookfine.com, wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина