Мектеп бітіру кеші-2012: сәнді көйлектер топтамасы

Мектеп бітіру кеші-2012: сәнді көйлектер топтамасы

Оқу жылы аяқталды, мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ға соңғы дайындықтар үстінде. Алайда тестілеуден кейін көптен күткен мектеп бітіру кеші бар. Әр бойжеткен үшін бұл ұмытылмас кеш болатыны анық. Осы кешке дайындық та соған сай болу керек. Емтихандарға дайындалам деп, кештің басты сәні - салтанатты көйлек жайлы ұмытып кеттіңіз бе? Массагет ұжымы осыған дейін көйлек алуға уақыты болмаған аруларға өз таңдауларын жасауға көмектеспек. 

Бүгін бітіру кешіне киюге лайықты көйлектердің түрлерімен таныс болыңыздар. 

Ұзын көйлектер 

Бойыңыз ұзын, арық арулардың қатарынан болсаңыз, ұзын көйлек таңдасаңыз болады. Ұзын көйлектер 2012 жылдың басты трендтерінің бірі. Тіпті ұзын емес, өте ұзын көйлектер. Мысалға грек стиліндегі көйлек дене бітіміңізді сымбатты етіп көрсетіп, талғамыңыздың жоғары екенін де байқатады. Бұл көйлектің сәннен шықпауының бір себебі - олар расында өте ыңғайлы. Жеңіл, жұмсақ пішілген көйлек сіздің нәзіктігіңіз бен сымбаттылығыңызды айқындайды.

Выпускные платья в греческом стиле

Ұзын көйлектердің қатарындағы тағы бір көңіл аударуға тұрарлығы - годе көйлектері.  Олар грек сәніндегі көйлектерден әлдеқайда салтанатты көрінеді. Годе көйлектері денеге жабысып, аяқ жақта кеңейе түседі. Бұл көйлектер қыздардың табиғи сұлулығын ерекше аша алады. 

Красное выпускное платье 2012 года

Қабат белдемшелі көйлектер сән әлеміндегі өз орнын берер емес. Сондықтан да бітіру кешінде осындай көйлекпен тек сәнді ғана емес, көзге ерекше түсесіз. Әлемдік дизайнерлер бұндай көйлектерді жылдан-жылға өзгертіп шығаруда. Биыл үсті тастармен әшекейленген корсет не үлкен белбеуі бар көйлектер ерекше сәнде. 

Платья на выпускной 2012 пышные

Қысқа көйлектер

Салтанатты көйлектер ұзын болуы шарт емес. Дене бітіміңізге қысқа көйлектер ерекше жарасатын болса, сондай-ақ өзіңізді келте көйлекте жақсы сезінсеңіз, шолақ көйлек кисеңіз әбден болады. Мини ұзындық сәннен еш шықпасы анық. Орташа ұзындықты көйлектер де биыл ерекше сәнді саналады. 

Платье-мини на выпускной 2012

Бір иыққа тағылатын мини көйлек былтыр өте танымал болған. Биыл да бұл көйлек өз орнын берер емес. Жас аруларға ерекше жарасатын бұл көйлек ойнақы, көңілді қыздарға үйлеседі. 

Выпускное платье 2012 короткое

Ал белі жоғарылатылған қысқа көйлектер денесінің кемшіліктерін жасырғысы келетін қыздарға таптырмас шешім болады.

Выпускное платье 2012 короткое

Белдері шыбықтай қыздарға қысқа корсетті көйлек әлбетте жарасып кетеді. 

Платье с корсетом на выпускной 2012

Даусыз осы жылдың фавориті - мөлдір шифонды шлейфі бар қысқа көйлек

Короткое выпускное платье 2012 со шлейфом
Қандай көйлек таңдасаңыз да, бастысы - өзіңізді ыңғайлы сезініп, кеш бойы көңіл көтеріп, билеп, суретке түсіп, бітіру кешін мәңгі есте сақтасаңыз болғаны.
Суреттер: vechernieplatja.ru
С. А