Жаңа маусымның ең басты тренді аса жіңішке көзәйнектер. Кезінде барша әлем тамсана тамашалаған Матрица фильміндегі бұйымның нағыз тенденцияға айналуына Джордж Кебурия есімді грузин дизайнері ықпал етті. Қазіргі уақытта тренд қатарына енген кез-келген киімнің баламасын табу соншалық қиын болмағанымен, нақты осы көзәйнектер vintage-дүкендерде бола бермейді. Сол себепті, әйнегі жіңішке келетін бұйымды табудың оңай жолы брендтің атауын білу. Біз сізге көмек болсын деген мақсатпен бірнешеуін ұсынып отырмыз. Матрица фильміндегі а-ля Тринити немесе Бригада сериалындағы басты кейіпкер Саша Белый стиліндегі көзәйнектерBalenciaga, Emilio Pucci мен Courrgesтоптамаларына енді. Roberi Fraud George Keburia Gentle Monster Бұл бұйым басқа аксессуарлардай емес, оның үйлесімді нұсқасын таңдау үшін біраз әбігерге түсуге тура келеді. Егер сіздің бетіңіздің формасы кішкентай болса, ойланбай-ақ жіңішке көзәйнек таңдай берсеңіз болады. Ал, бет формаңыз стандартты қалыптан сәл үлкендеу болған жағдайда үлкен әйнекті көзілдіріктер таққаныңыз дұрыс болады.