- Негізгі бет
- Сән
- Матрица: 90-жылдар стиліндегі...
Матрица: 90-жылдар стиліндегі көзәйнек
Жаңа маусымның ең басты тренді – аса жіңішке көзәйнектер. Кезінде барша әлем тамсана тамашалаған «Матрица» фильміндегі бұйымның нағыз тенденцияға айналуына Джордж Кебурия есімді грузин дизайнері ықпал етті.
Қазіргі уақытта тренд қатарына енген кез-келген киімнің баламасын табу соншалық қиын болмағанымен, нақты осы көзәйнектер vintage-дүкендерде бола бермейді. Сол себепті, әйнегі жіңішке келетін бұйымды табудың оңай жолы – брендтің атауын білу. Біз сізге көмек болсын деген мақсатпен бірнешеуін ұсынып отырмыз.
«Матрица» фильміндегі а-ля Тринити немесе «Бригада» сериалындағы басты кейіпкер Саша Белый стиліндегі көзәйнектер Balenciaga, Emilio Pucci мен Courrèges топтамаларына енді.
Roberi & Fraud
George Keburia
Gentle Monster
Бұл бұйым басқа аксессуарлардай емес, оның үйлесімді нұсқасын таңдау үшін біраз әбігерге түсуге тура келеді.
Егер сіздің бетіңіздің формасы кішкентай болса, ойланбай-ақ жіңішке көзәйнек таңдай берсеңіз болады. Ал, бет формаңыз стандартты қалыптан сәл үлкендеу болған жағдайда үлкен әйнекті көзілдіріктер таққаныңыз дұрыс болады.
А. Оралқызы