- Негізгі бет
- Сән
- Мата мен моншақтан...
Мата мен моншақтан дайындалған ерекше әшекей
Қазіргі кезде қолдан жасалған бұйымдар ерекше бағаланады әрі оның сізге ерекше ыстық болары анық. Қолдан ерекше алқа жасауға идея ұсынамыз. Ол үшін сізге лента тігетін өлшемі 7х180 см болатын мата бөлігі және ірі әйнек (ағаш) шарлар немесе моншақтар қажет.
Лентаны теріс жағына қаратып, қақ ортасынан екіге бөліңіз. Бір шетінен 10 сантиметрдей жерден 5-6 сантиметр тігілмеген орын қалдырамыз. Ол жерге моншақ еркін кіруі керек.
Сізде суреттегідей шығатын болсын.
Бұрыштарын қиып тастаңыз.
Лентаны оң жағына аударыңыз. Тігісін жатқызыңыз, үтікпен түзетсеңіз болады.
Тігілген шетінен 20 см орын қалдырып, бірінші түйін байлайсыз.
Тікпей, ашық қалдырып кеткен жерге моншақты салып, бірінші түйінге дейін ысырып апарасыз. Матаны моншақпен бірге айналдырыңыз.
Қайтадан түйін байлаңыз.
Жоғарыдағы ретпен моншақтарды өткізіп болған соң, ашық жерді қолмен білдірмей тігіп қойыңыз.
Алқа дайын. Лентаның шеттерін қарапайым түрде немесе бантик ретінде байлайсыз. Осы әдіспен білезік те жасауға болады. Ол үшін екі есе қысқа мата бөлігін аласыз. Сәттілік!
А. Жапатова