Марк Джейкобс Louis Vuitton-нан кетті

Марк Джейкобс Louis Vuitton-нан кетті

Марк Джейкобс Louis Vuitton-нан кеткелі жүр деген сыбыс ресми расталды. Әлемге әйгілі Louis Vuitton француз бренді дизайнермен келісім-шартты ұзартпайтынын жария етті.

Айта кетсек, Марк Джейкобс атақты сән үйінде 1997 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақытқа дейін ол Louis Vuitton брендін жоғары сән әлеміндегі ең белді сән үйлерінің қатарына қосып, оның жылдық табысын 10 миллиард долларға дейін көтерді.

Қазанның 2 күні Париждағы Сән апталығының жабылу кеші модельердің сән үйімен қоштасуына айналды. 16 жыл бір брендке адал болған Марк Джейкобс осылайша Louis Vuitton-дағы жұмысын аяқтады. 

Джейкобстың Louis Vuitton-дағы соңғы топтамасы алғашқысы сынды толықтай қара түстерде орындалған. Көрсетілімдегі декорация ретінде әткеншектер, экскалаторлар, лифттер мен субұрқақ және үлкен сағат болды. Джейкобс бұл топтаманы оны бұрын-соңды шабыттандырған сұлу әйелдерге: Джейн Биркин, Кэти Гранд, Коко Шанель мен Кейт Моссқа арнады. 

Louis Vuitton сән үйінің басшысы Майкл Берк өзінің бұрыңғы қызметкеріне болашақ жұмысында сәттілік тілеп, Джейкобстың кетуі оның жаңа дәрежеге көтерілуге талпынуы деп пікірін білдірді.

Джейкобстың айтуынша енді ол өз күшін өзінің жеке Marc Jacobs пен Marc by Marc Jacobs маркаларына салып, 1993 жылы пайда болған өз брендін барынша танымал етуге тырысады. 

Қазірде Louis Vuitton-да креативті директор орнына кім келетіні әлі белгісіз. Кейбір ақпаратқа сенсек, бұл соңғы кезде үлкен танымалдылыққа ие болған Balenciaga  брендінің дизайнері Николя Гескьер болуы мүмкін. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: FOTOBANK.UA

С. А