- Негізгі бет
- Сән
- Маникюр дизайнына бірнеше...
Маникюр дизайнына бірнеше идея
Биыл гель-лакпен жасалатын тырнақ дизайнына көптеген идея бар. Бір маникюрде бірнеше техниканы араластыру тенденциясы пайда болды. Түрлі ашық түстер, фактуралар мен маникюр техникасынан тұратын микстер сәнге айналды.
Француз маникюріне жаңа көзқарас
Француз маникюрі – бұрыннан келе жатқан классика. Осы уақытқа дейін оны жасауда түстерді таңдап, өрнек ойластырудың қажеті жоқ болатын. Ал қазір француз маникюріне ашықтық пен айқындық қосу сәнге келді. Сондықтан әдетке айналған алқызыл мен ақ түсті дуэттен бас тартып, орнына түрлі түсті френчті жасатыңыз. 2018 жылғы тенденция бойынша, тәжірибе жасап, екі немесе одан да көп сызық және қосымша түрлі пішін сыздыруға болады.
Жаңа ай маникюрі
Бұл дизайн пайда болғаннан бастап «күлкі» пішіні түрліше өзгерді. Қазір ол қайтадан классикалық болып, аздап ұзартылған пішінге ие болды. «Күлкі» пішіні бұрынғыдай тек тырнақтың ағына ғана салынбайды, ол тырнақтың ортасына дейін сызылады. Сәнді түстер үйлесімі – нюд реңкті ай мен қанық ұштар. Қыс мезгіліне қоңыр, қою қызыл, сұр түс таңдасаңыз, көктем мен жазда сары, қызғылт-сары, нәзік көк және алқызыл түстерді таңдауға болады.
Жиектеме маникюрі
Тырнақты жиектеу – осы мерзімнің сәнді маникюрінің бірі. Оның ең әдемі көрінетін үйлесімі – қара мен ақ түсті маникюр.
Жолақ дизайны
Жолақ та 2018 жылдың басты трендіне айналды. Жолақ түрліше, яғни тік, көлденең, иреңдеу, шиыршық болуы мүмкін.
Макияжға сай тырнақ дизайны
Маникюрде жаңадан пайда болған тенденция – лак түсін макияждың түстер гаммасына сәйкес таңдау. Макияжда шабдалы-алқызыл түстер сәнде болғандықтан, сондай реңкті лактар таңдаған жөн. Сол кезде ол нәзік әрі романтикалық көрінеді.
А. Жапатова