Кәсіби модель модель болмасақ та, дәл солар секілді бәріміздің суретке әдемі түскіміз келетіні анық. Кей жағдайларда мінсіз сымбатымызға қарамастан, суреттен семіз көрінеміз. Мұның себебі камераның адамды көлемді етіп көрсетуінде. Суреттеріңіз ойдағыдай шықсын десеңіздер, бірнеше кеңестерімізді пайдаланыңыздар.
Ал кеңестерімізді оқымас бұрын, өз-өзіңді суретке түсіруге бола ма, жоқ па - оны да біліп алғаныңыз жөн.
1. Қос бүйіріңізді таянып, сарбаз секілді қатып тұрудың қажеті жоқ. Бұл сізді камерадан толық етіп көрсетеді. Қолыңызды беліңізге немесе саныңызға қоюдан еш қысылмаңыз. Және иығыңызды көтеріп түспеңіз. Осы нұсқауларымызды есіңізде сақтасаңыз, суретіңіз жасандылыққа бой ұрмай, табиғи болып шығады.
2. Камераға қырыңыздан қарағаныңыз әдемірек болады. Денеңізді шетке бұрсаңыз да, басыңызды тура қаратыңыз. Және 90 градусқа бұрылудың да қажеті жоқ. Бұрылған жағдайда бел пен мойын бөліктеріндегі артық майлар көрінеді. Мұндай әрекетті әдетте атақты адамдар қолданады.
3. Денеңіздегі артық майларды көрсеткіңіз келмесе, алға ұмсына түсіңіз. Немесе артық салмағыңызды қолыңыздағы сөмкеңізбен, гүлшоқтармен жауып қойсаңыз болады. Өзің жасырған кемшіліктер өзгелерге де білінбейтінін есіңізде сақтаңыз.
4. Бойыңызды бүкірейтпей, тік ұстаңыз. Бүкірейсеңіз үрлеп қойған қапшықтан аумай қаласыз.
5. Дененің қай бөлігі камераға жақын орналасса, сол бөлік үлкенірек болып көрінеді. (Арқаңыз, иықтарыңыз камераға ұмсына түсетін болса, сол бөліктер үлкен болып көрінеді). Сол себіпті фотокамераның назарын өзіңіз лайық деп тапқан денеңіздің бөлігіне аударыңыз. Мұндай жағдайда кемшіліктеріңіз тіпті байқалмай да қалады.
Әр адам өз алдына модель. Әр адамның өзіне ғана тән сұлулығы бар. Артық салмақпен де тартымды болуға болатынын ұмытпаңыз. Бастысы өзіңізбен-өзіңіз болыңыз. Кемшіліктеріңіз жайында ойлай берсеңіз денсаулығыңызға зияны тиеді. Шынайы күлімсіреу мен көтеріңкі көңіл-күй мінсіз суреттің кепілі.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: ВК желісінен