«Alexander McQueen» британдық үйінің директоры Сара Бертон (Sarah Burton) Малефисента образын жасауға көмектесті. Елімізде мамырдың 29-ынан бастап көрсетілетін фильмде басты рөлді Анджелина Джоли ойнайды. Көрерменнің көзайымына айналған актриса «Alexander McQueen» ұсынған киімді киген жоқ, тек басындағы мүйізі ғана осы сән үйіне тиесілі.
Сара қара, аз иілген мүйізді жасап беруге келісімін берген екен. Оны бас киім деп те бағалауға болады. Өйткені мүйіздің төменгі бөлігі толықтай Анджелинаның басын жауып тұр.
Сараның арқасында Малефисента балалардың үрейін алған кейіпкерге айналды. Оған жақын күндері өзіміз де көз жеткізе аламыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: tatler.ru