Аңыз әнші Мадонна жақында Нью-Йорктың дәл орталығынан ерекше киіммен бой көрсеткен.
Мадонна поп-патшайымы ғана емес, бүкіл әлемге әсер ете алатын ықпалды стиль жұлдызы. Оның киген киімдеріне қарап бой түзейтін адамдардың қарасы көп. Қызыл кілемге қандай киім киіп шыққаны ел назарында. Және үнемі қарапайым халықты ғана емес, атақты сәнгерлердің өзін таңырқатып жатады.
Тыңдармандарының айтуынша, әншінің бұл киімі марқұм Майкл Джексонды қатты еске салады. Мадоннаның үстіндегі пальто жапон дизайнері Junya Watanabe-тің туындысы. Бейнесін басындағы қара қалпақ пен қатаң көзілдірігі толықтырып тұр.
Дайындаған: Махаббат Оңғарова
Сурет: woman.ru, au.eonline.com, vglamure.com