Альберт-холлда Британ сән кеңесі жыл сайын өткізілетін The Fashion Awards 2016 марапаты шеңберінде өткен жылдың үздік сәнгерлерін анықтады.
The Fashion Awards 2016 (бұрын – British Fashion Awards) биыл Swarovski компаниясының қолдауымен өтті. Оған шақырылған 4000-нан астам қонақ қатарынан дизайнерлер, редакторлар, топ-модельдер, фотографтар мен блогерлер табылды.
Қорытынды бойынша, The Fashion Awards 2016 марапатының абсолютті жеңімпазы атағын Демна Гвасалия иемденді. International Urban Luxury Brand номинациясына Демнаның Vetements аталатын бренді лайық деп танылса, өзі Balenciaga сән үйінде атқарған жұмысы үшін "Үздік халықаралық дизайнер" атанды. "Ер киімінің үздік британдық дизайнері" атағын Крейг Грин, ал, әйелдер киімі бойынша Симон Роша иемденді. "Үздік британдық бренд" номинациясына сай Alexander McQueen сән үйі жеңімпаз деп танылды. Әр номинация бойынша жеңімпаздардың жалпы тізімі төмендегідей:
"Британдық жас талант" – Molly Goddard
"Swarovski арнайы сыйы" – Франка Соццани
"Сән иконасы" – Джейден мен Уиллоу Смит
"Үздік модель" – Джиджи Хадид
"Аксессуар дизайнері" – Алессандро Микеле Gucci үшін
"Жетістігі үшін" – Ральф Лорен
"Бизнес-лидер" – Марко Биззарри (Gucci)
"Мойындау" – британдық Vogue
Isabella Blow Award for Fashion Creator – Брюс Вебер
Британ сән кеңесінің анықтауы бойынша жыл қорытындысы осындай. Сіз не дейсіз?