Лофер – күнделікті киіп жүруге арналған аяқ киім. Кэжуал стилімен үйлесітіріп киюге болатын бұл аяқ киімді кезінде поп королі Майкл Джексон ақ шұлықпен киіп, сахнаға шыққан. Ал қыздар қауымы бұл аяқ киімді қалай киеді?
Тарихи суреттерге қарасақ, Майкл Джексоннан бұрын кино жұлдыздары Одри Хепберн, Грейс Келли, АҚШ-тың 35-перзиденті Джон Кеннеди киген. Ол көбіне классикалық стильмен үндестірген екен. Ал қазір ше?
Салпыншақты лоферге киім таңдағанда зор талғам керек. Ашық түсті әрі кең киімдермен салпыншақты лофер киген аса жараспайды, бұл үлгі 60-жылдардың сән әлеміне жатады. Түрлі түсті футболкамен, джинс жейдемен киюге болады. Суық күндері тоқылған көйлекпен киген тіпті әдемі көрінеді.
Леопард принтті лофермен біртүсті жейде не көйлек киген әдемі. Тіпті бұл үлгімен мерекелік кешке барсаңыз да болады. Ал қарапайым күндері бос футболкамен, жазды күндері жеңіл көйлекпен, белдемшемен кисе, жарасып-ақ кетеді.
Ал кездесуге қара көйлекпен, салмақты қылып көрсететін әшекей бұйым тағынып, оған сәйкес сөмкеңізді ала шығыңыз, лофердің түсіне сай жіңішке белдік тағыңыз.