- Негізгі бет
- Сән
- Lido сән көрсетілімі...
Lido сән көрсетілімі жоғары бағаланды
Танымал қазақстандық әнші және дизайнер Lido 17 қазан күні өзінің дизайнерлік бастамасын Алматыда өткен моно-көрсетілімінде паш етті.
Лидия Доссалинаның сән киімдерінің көрсетілімі Villa Dei Fiori кешенінде өтті. Ол өзінің жеке LiDo атты лейблының жаңа топтамасын көпшілікке таныстырды.
Айта кетсек, Лидияның алғаш көрсетілімі былтыр күзде Kazakhstan Fashion Week аясында өткен болатын. Осы жолы танымал әнші және дизайнер жабық көрсетілім өткізуді жөн көріпті.
Villa Dei Fiori кешені
Қазақстандық дизайнерлер мен кеш қонақтары Лидияның көрсетіліміне өте жоғары баға беріп, оның сән талғамының ерекше екендігін атап өтті. Лидияның тіккен киімдері өзіне сай нәзік, сәнді, өзекті болып шықты.
Лидияның топтамасында классикалық стильдегі киімдер көп болды.
Танымал "қаз ізі" принті әлемдік жоғары сән үйлерімен осымен бірнеше ондаған жылдар бойы қолданып келеді. Лидия да осы суретте орындалған киімді тігуді жөн көріпті.
Lido әу бастан-ақ топтамасында шалбарлар болмайды деп айтқан еді. Расымен, оның топтамасы белдемшелер мен көйлектердің түр-түріне бай болды.
Кеш қонақтары Лидияның жоғары сән талғамын атап, оның топтамасын толықтай сәтті деп бағалады.
Ал сізге жаңа топтама ұнады ма?
Дайындаған: Сания Аринова
Cурет Лидоның instagram аккаунтынан алынды
С. А