Барша қазақстандық дизайнерлер "Almaty Pop up Store" атты маңызды шараға дайындалуда. Осыны ескерген Леонид Жеребецов өз топтамасын таныстырып үлгерді. Бұл бұған дейін интерьер дизайнері болған Леонидтің алғашқы топтамасы еместігін ескерте кетейік.
Аталған топтамада толықтай қара түсті матадан тігілген. Алайда арасынан алтын түстес белдемшелер мен колготкілерді де кездестіруге болады. Топтама бір түсті матадан тігілгеніне қарамастан, үлкен сұранысқа ие болуда. Қара түс дене пішінін айқындап, ерекше сән береді.
Киімдер түрлі матадан тігілген. Әрқайсысының қайталанбас ерекшелігі бар. Жас дизайнер топтамасын ерекше бағалайтын жандардың оны тек "Almaty Pop up Store" кезінде сатып алу мүмкіндігі бар.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: sezon.kz