- Негізгі бет
- Сән
- "Лайк" алғанда құшақтайтын...
"Лайк" алғанда құшақтайтын күртеше
Facebook желісіндегі "лайктарды" енді тәніңізбен сезсеңіз болады! Like-A-Hug күртешесі сізге қоғамдық желіде "лайк" қойған сәтте құшақтай бастайды.
Қазіргі заманда тіпті құшақтасуды да санды түрге ауыстырды. Жаныңызға жақын адам алыста болса, сағынышыңызды күртеше арқылы білдіре аласыз. Ол Facebook қоғамдық желісіндегі суреттер не жазбаларға "лайк" алған сәтте қампайып, ғашығыңызбен құшақтасқандағы сезімін береді.
Ғажап күртешені жасаған дизайнер Мелисса Кайт Чоудың айтуынша, бұл жаңалық алыс жерді жақындатып, сүйгеніңізді сезіну үшін жасалған. Автор бұл күртеше денені ғана құшақтап қоймай, жанға да бақыт сезімін сыйлайды дейді. Бұл ой Мелиссаның достарымен әңгіме барысында кездейсоқ пайда болған екен. Олар алыстан кездесу, бұған Facebook пен Skype-тың көмегі жайлы талқылап отырған. Осылайша алыстан құшақтау ойы пайда болған.
Айта кетсек, құшақтасуға құшақпен жауап беруге болады. Бұл үшін өзіңіздің күртешеңізді құшақтауыңыз керек. Егер сіздің досыңызда да осындай заманауи күртеше болса, ол да сіздің құшағыңызды сезіне алады.
Ал сіз осындай күртеше қалайсыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: habrahabr.ru
С. А