- Негізгі бет
- Сән
- Қызыл далап көңіл...
Қызыл далап көңіл күйді көтереді
Сүйікті ашық қызыл түсті далабыңызды жағу үшін әлдебір мерекені күтпеңіз, ерніңізді қазір-ақ қызыл далаппен бояп алуға болады. Ол бірден көңіл күйді көтеретіні дәлелденген.
► Ерінге бояу жағу Ежелгі Вавилоннан бастау алған. Ол үшін құрамында йод және бром бар түрлі түсті тастардың ұнтағын қолданған. Клеопатра ернін бояу үшін шарап түстес жәндіктердің тозаңын пайдаланған.
► Әйелдердің 75% ерніне далап жақпаса, бетіне макияж жасадым деп есептемейді.
► Американың алғашқы президенті Джордж Вашингтон парик тағып қана қоймай, ернін де бояйтын болған.
► Әйелдер өмірінде 4,5 килограм далап жұтады.
► Мэрилин Монро үнемі бір далап түрін пайдаланған және оны бес қабат етіп жағатын болған.
► Ақша жоқ кезде үнемді әрі кербез образ жасағыңыз келсе – жабысып тұратын қара белдемше, водолазка, биік өкшелі аяқ киім киіңіз. Сонымен қатар шашыңыз жуылған, теріңіз ашық, көзіңіз нұр шашып тұрсын, ал ерніңізді қызыл далаппен бояп алыңыз.
Рената Литвинова
► Мен үшін сұлулық – өз теріңде өзіңді жайлы сезіну және қызыл далап жағу.
Гвинет Пэлтроу
► Менің күйеуіме қызыл түсті далап жаққаным өте ұнайды. Сондықтан күйеуім маған адал болуы үшін, мен де осы түске адалмын.
Гвен Стефан
► Егер әйел адам өзіне назар аудартып әрі өзі ешкімге назар аудармайтынын білдіргісі келсе, ерніне қызыл далап жағып алсын. Адамдардың көзіне бірден түседі және ешкім жақындауға батылы жетпейді.
Эвелина Хромченко