- Негізгі бет
- Сән
- Қыздардың мінезін сөмкесіне...
Қыздардың мінезін сөмкесіне қарап анықтауға болады
Әйел затының сөмкесі өз иесінің мінез-құлқынан, жасынан, кәсібінен, темпераментінен хабардар ететінін білесіз бе?
Бикештер сөмкесіне өздеріне қажетті дүниенің бәрін салып жүреді. Мысалы, мына сөмкенің ішіндегі заттарға назар аударайық:
Әмиян, көзілдірік, телефон, флеш-жад, қалам, тарақ, ерін далабы, гигиеналық ерін далабы, көз, қас бояғыштары, ылғалдандырғыш майлық, жай майлық, аяқ киім тазартқыш, кілт.
Біріншіден, бұл жасы қырықтан асқан адам, оны көзілдірікке қарап біле аламыз.
Екіншіден, кеңседе жұмыс істейтін іскер әйел, оны флеш-жадына қарап аңғарамыз. Алайда қағаз тасығанды қаламайды, қажетті ақпаратты флеш-жадқа сақтайды, яғни компьютерді меңгерген. Іскер әйел болғанмен қажетті телефон нөмірлерін жазуға блокнот ұстамайды, демек бәрін ұялы телефонның жадында сақтайды деген сөз.
Үшіншіден, өте ұқыпты адам. Себебі екі түрлі майлық бар және аяқ киімінің үнемі таза болуын және сөмкесінде артық заттың болмауын қадағалайды. Ауыздан жағымсыз иістің шықпауы да ол үшін аса маңызды.
Төртіншіден, өзінің көркіне аса мән бере бермейді немесе өз көркіне сенімді. Өйткені косметикалық заттары аз әрі айна жоқ. Арасында айнаға көз салып, макияжын түзеуге не уақыты жоқ, болмаса қажетсіз деп санайды. Дегенмен ернінің жарылып кетпеуін ескереді.
Сөмке трапеция формасында келген
Бесіншіден, бұл кісі ақыл тоқтатқан, әріптестерімен қарым-қатынасы жақсы. Тарағы екі бүктеліп жатыр: жалпы ұстамды, байсалды, дипломатиялық сұқбатты ұнататыны көрініп тұр. Бірақ сөмкесінің пішіні хабар бергендей, талап қоя білетін жан: сөмкенің жоғарғы жағы (көз бояулары да) өткір қырланып келеді.
Дей тұрғанмен сөмкенің төменгі жағы трапецияланып, дөңестеніп барып бітеді. Жоғарыда ескерткеніміздей, «тек менікі дұрыс» деп қасарысып қатып қалмайды, әріптестерімен тіл табыса біледі.
Алтыншыдан, жалақысы жақсы. Көлемді әмиянды бақуатты не баюға шын ниет білдірген адам ұстайды.
Сурет: meltyfashion.fr, Massaget.kz
Ф. Абилова