Қыздардың жігіттерге ұнамайтын 10 киімі - 2

«Адам көркі шүберек» демекші, қыз балаға киген киімі ерекше сән беріп, бойындағы сенімділігін арттыра түседі. Осы тұста «Қыздар кім үшін киінеді?» деген орынды сұрақ туады. Бірі "өзім үшін" десе, екіншілері "жігіттер үшін" дейді. Үшіншілері өзге қыздардан артылу үшін әдемі киінетіндігін айтады. Жауаптың қайсысы дұрыс екенін әркім өзі шеше жатар. Кім үшін киінсек те, ер азаматтардың назар аударатынын анық. Осыны ескеріп, кезекті материалымызда қыздардың жігіттер ұнатпайтын киімдері туралы жазуды жөн көрдік.

Сникерс аяқ киімдер

Франциялық дизайнер Изабель Марант осыдан бірнеше жыл бұрын сникерс аяқ киімдерді таныстырған болатын. Ол бастапқыда бұл аяқ киімдер ерекше танымалдылыққа ие болады деп күткен жоқ. Өкінішке орай, жігіттер бұл ыңғайлы аяқ киімдерді мүлдем ұнатпайды. Оны киген кезде қыздардың аяғы жануардың тұяғына ұқсайтындығын айтады.

Джинсы комбенизон

Биыл сәнде болған комбенизондарды көрген кезде жігіттер көз алдына құрылысшылар мен кішкене балаларды елестетеді екен.

Угги

Жігіттер угги киген қызды жолықтырған кезде қыста аяңдап басып келе жатқан аюды көргендей болады екен. Әдетте уггиді сұлуынан жылуын артық көретін қыздар таңдайды. Десе де оны күн суық кезде қалың жемпірмен киюге болады.

Классикалық шалбар

Жігіттер костюм киіп жүретін қыздарды іскер қыздар деп ойлайды. Бірақ костюм мен шалбарды қатар киетін қыздарды мүлдем дерлік ұнатпайды. Оларды басынан сөз асырмайтын, жанжалдасуды жақсы көретін жандар деп біледі. Сондықтан классикалық шалбарды жемпірмен немесе кеудешемен киіңіз.

Гладиатор

Жайпақ өкше мен шырмалған жіп жігіттердің есіне тарих сабағын түсіреді. Гладиатор аяқ киімдер бүкірейіп жүруге мәжбүрлейді. Денсаулыққа зиян екенін ескеріп, одан бас тартқаныңыз жөн.

«Талғамға талас жоқ» демекші, таңдау еркі әрдайым өзіңізде екенін ұмытпаңыз.