- Негізгі бет
- Сән
- Қыздар суретке қалай...
Қыздар суретке қалай түседі?
Адамдардың суретін жарнамалайтын әлеуметтік желілердің көбейіп кеткендігі соншалық, суретке түсіп үйренбеске амал қалмайды. Біреулер суретте жақсы шығып жатса, енді екіншілері қолда бар сұлулығын пайдалана алмайды. Ондай адамдарды суретке түсірген кезде «Суретке түсе алмайтын едім», «Мәссаған мен ұяламын», «Мені түсірмей-ақ қойшы», «Фотоаппаратты әкеліңдер мен түсірейінші» деген сөздерді жиі естуге болады.
Көп адам камераның алдында өзін жайсыз сезініп, бүкіл әлемнің назарында тұрғандай күй кешеді. Денесін қалай дұрыс ұстарын білмейді. Ол бала кезінен қалыптасқан ұяңдығымен түсіндіріледі. Суретке жақсы түсу көп жағдайда көңіл-күйге де байланысты. Суретке жақсы түсу үшін міндетті түрде жаттанды «дене тұрысын» қолдану керек емес. Бастысы "толқынға" ілесу. Мұнымен қатар фотографтың кім болатынына да байланысты. Барлық адам бірдей болмағандықтан, олардың әрқайсысын жеке тұлға ретінде қабылдап, ең жақсы деген сәттерді түсіріп үлгеруі тиіс.
Мамандардың айтуынша, бұрын-соңды суретке көп түсіп көрмеген адамдарды үйрету өте оңай. Әрине, бастапқыда камерадан қысылып, быраз уақытқа дейін ұялады. Бірақ артынша жыдам үйреніп кетеді. Енді суретке түсу кезінде жіберілетін қателіктерге тоқталайық. Ең алдымен мәжбүрлілік пен қозғалыссыздықтан арылу керек. Мұндайға көп жағдайда өзіне сенімсіз жандар ұрынады. Сол себепті ең алғашқы суретті "жәй тұрыстардан" бастау керек.
1) Егер қолыңызбен бетіңізді ұстап түскіңіз келсе, оларды тигізбей, бет айналасында ғана ұстауға тырысыңыз. Және адам камераға жақындаған сайын толық болып көрінетінін ескеріңіз.
2) Екі қолды жоғары көтерген кезде денеге қатты жақындатудың, босаңсытып ұстаудың қажеті жоқ. Олар суретте неғұрлым жеңіл әрі жинақы көрінуі керек.
3) Әрине, суретке түсіп тұрған сәтте майда детальдарды ескеру қиын, алайда қолды айқастырған кезде олардың екеуі де көрініп тұрғаны әдемі көрінеді.
4) Суретте өзіңіздің қарсылығыңызды көрсеткіңіз келсе де, қолыңызбен бетіңізді жаппаңыз.
5) Мойынды ақырын ғана бұрсаңыз, суретте көрсетілген қызыл шеңбердің ішінде әжімдер пайда болады. Ол, тіпті, сіздің жасыңызға да байланысты емес. Сол себепті мойынды толығымен бұрған жөн.
6) Бұлай түсетін қыздарды жігіттер қауымы ұната бермейді. Сондықтан да таңдау еркі өзіңізде.
7) Көзіңізді толығымен ашып түсуге тырысыңыз.
8) Және соңғы ережеміз иегіңізді көтермеңіз. Бұл бет-пішініңіздің әдемілігін жасырады.
Ал сіз суретке түскен кезде қандай қателіктер жібересіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: kotofot.ru, Қарлыға Бүйенбай
Қ. Бүйенбай