- Негізгі бет
- Сән
- Қыздар: "Қандай шаш...
Қыздар: "Қандай шаш үлгісін таңдаймын?"
Кездесуге қандай шаш үлгісімен барарыңызды білмейсіз бе? Уайымдамаңыз, біз сізге көмектесеміз. Киім секілді шаш үлгісін де баратын жеріңізге сәйкес таңдағаныңыз абзал. Қандай шаш үлгісін жасасаңыз да, шашыңызды хош иісті сусабынмен жуыңыз. Артынша жақсылап үтіктеңіз. Осылайша шашыңыз селдіреп тұрады. Жігітіңізбен серуендеген кезде төмендегі шаш үлгісін пайдалануыңызға болады.
Сүйіктіңіз спорттық ойындарға шақырса немесе күн ыстық кезде қыдырып шықсаңыздар шашыңызды төбеңізге буыңыз.
Ал егер классикалық киім кисеңіз, шашыңызды толығымен жинап алыңыз. Бұл шаш үлгісі жинақылық пен сүйкімділік сыйлайды.
Кешкі асқа баратын болсаңыздар, барынша дайындалғаныңыз жөн. Әдетте, жігіт қауымы сөз салар кезде мейрамханаға шақырады. Сондықтан дұрыстап дайындалыңыз. Ол үшін өрудің түрлері мен бұйралағыш құралды пайдаланыңыз. Бұйраланған шашыңызды лактың көмегімен қатырып қоюды ұмытпаңыз.
Кездесуіңіз сәтті өтсін!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Қарлыға Бүйенбай
Қ. Бүйенбай