Мына мойынорағыштарды көріп, қыздар құс секілді қанат байлап алған ба деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ мүлдем олай емес. Мұндай сәнді мойынорағышты ұсынған сәнгердің басты мақсаты – табиғаттан ләззат алу. Сәнгердің есімі – Роза Хамитова. Ол Қазақстанда суретшілер жанұясында дүниеге келген.
Суретшілікті бойына сіңіріп өскен ол өз өнерін тежемей, биік шыңдарды бағындырғысы келген. Мектепті бітірген соң, Нью-Йорк қаласында Визуалды өнер мектебіне түскен, кейін сән саласында жұмыс істеген. Дегенмен ол жұмыстың өнеріне, ниетіне шектеу қоятынын түсініп, өз алдына сән әлемін құруды жоспарлаған. Нью-Йорктен Аустралияға келіп, өз жұмысын бастап кеткен. Роза алғаш рет туған жерінің табиғатынан көрген сұлулықты өз туындыларына енгізген. Мойынорағыштан патриоттық сезім және нәзіктіктің белгілері байқалады. Сонымен отандасымыздың туындысын тамашалаңыздар!