Қыз жолдастың көйлегін қалай таңдаған дұрыс?

Қыз жолдастың көйлегін қалай таңдаған дұрыс?

Қыз жолдас көйлегін таңдаудағы басты мақсат – салтанатты кештің басты кейіпкері қалыңдықтың көйлегін көлеңкеде қалдырмау. Лайықты көйлекті қалай таңдау керектігі жайлы сайтымыздан оқи аласыздар.

Қыз жолдас болу да үлкен міндет. Сондықтан осындай лауазым тағайындалған сәттен бастап, қыздар көйлек таңдауда үлкен жауапкершілік танытады. Қыз жолдас көйлегінің негіздері қандай болуы керек? Бүгінгі әңгімеміз осы сұрақ төңірегінде өрбімек.

Ұзындығы маңызды емес

Қалыңдық көйлегі ұзын болғанына қарамастан, қыз жолдастың көйлегі міндетті түрде ұзын болуы тиіс емес. Сіз ұзын кешкі көйлек, сонымен қатар еркін қысқа коктейльдік нұсқа таңдай аласыз. Мұндай көйлек гардеробыңыздан табылуы да мүмкін.

Ұзындығы тізеге дейін немесе сәл жоғары бейтарап түсті коктейль көйлек осындай салтанатты шараға жақсы жарасады. Сонымен қатар бұл көйлекті түрлі мерекелік шараларға, тойларға кие аласыз.

Шлейфті көйлектер мен тым қысқа көйлектерді басқа жағдайларға кигеніңіз жөн. Декольтесі терең немесе беліне дейін ашық көйлектерді де үйде қалдырыңыз. Бұл элементтер көптің көңілін өзіңізге аудартуға себеп болады.

Көйлек түсін таңдаймыз


Қыз жолдастың көйлегі ақ түсті болмауы керек деген пікір бар. Егер ақ түсті көйлек кимек болсаңыз, мұны алдын ала қалыңдықпен ақылдасып алған жөн. Көбі сонымен қатар қара түсті көйлекті де орынсыз дейді, сондықтан бұған да қалыңдықтың пікірі қажет.

Қыз жолдас көйлегіне ең тиімді түстер – қызыл, қою көк, фуксия, сары. Бұл маусымда оларға тағы ашық күлгін түс қосылды. Пастель реңкті көйлектер де ешқашан сәннен қалған емес.

Принттерге келер болсақ, олар әрдайым өзекті. Бірақ анималистік және геометриялық принттер тойға жарамайтыны анық. Тек биязы гүлді өрнектерге, деграде әсері бар принттерге ерекшелік жасауға болады. Алайда тәжірибе жасарда абай болғаныңыз жөн.

Қыз жолдас көйлегін таңдаудағы 5 ереже

  • Тортқа ұқсайтын көп қабатты көйлектер тек қалыңдыққа жарасады. Жеңіл желекті және бүрмелі, желбіршектер немесе декоративті банттармен безендірілген көйлектер жарайды.
  • Артық безендірулерден бас тартыңыз. Оның орнына қарапайым көйлек алып, оны өзіңе ұнайтын әшекейлермен сәндеген артық.
  • Жібек, атлас, шифон көйлектерді таңдаңыз. Былғары немесе неопрен үлгілер тойда орынсыз көрінеді, ал барқыт – тым театралды.
  • Бұл тойдан кейін де басқа мерекелік шараларға кие алатын құнтты көйлек таңдауға тырысыңыз.
  • Классикалық пішімді үлгілерді таңдауға тырысыңыз. Нәзік шілтерлермен безендірілген іш көйлекке ұқсас көйлектер де біреудің мерекесінде орынсыз. 

Оқи отырыңыз:

Үйлену тойындағы куәгерлердің міндеттері

Сурет: svadbavispanii.ru, passion.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina