Бұл сұраққа ешкім біркелкі жауап бере алмайды. Көптеген ата-ана балаларының құлағын ертерек тескісі келеді. Біз ең алдымен, балалардың негізгі екпелерін алатын уақытты күтуіне кеңес береміз. Ол үшін балалар дәрігеріне баруыңыз қажет.
Сонымен қатар, біз баланың өзі керек пе, жоқ па деп түсінетін уақытқа жетуін тосуды ұсынамыз. Кейбір балалар құлақтағы сырғаларын 5 жасында тағып бақытты болғысы келеді, кейбірі тек 15 жасында, ал кейбіреулері мүлдем таққысы келмейді.
Біріншіден, ине-сырғаны пайдалану нәтижесінде құлағыңыздың қабынуынан құтылуға болатынын ұмытпаңыз! Егер тесе салысымен ауырсынып, кішігірім қызару пайда болса, онда ол – қалыпты жағдай. Егер де Сіз тескеннен соң айтылған кеңестерді (8-ші пункт) дұрыс орындайтын болсаңыз, бұл белгілер 48 сағаттың ішінде кетіп қалуы тиіс. Қызарып қабынғаны тарамаған болса, онда ілгектің құлақ сырғалығына тақалып тұрмағанына көз жеткізіңіз, егер солай боп тұрса, онда артын сәл босатыңыз: тесікке ауа келіп тұруы қажет – ол жазылуды тездетеді.
Құлақ тесу жақпайды, егер сізде:
– қатерлі созылмалы аурулар болған жағдайда (тері аурулары, диабет және т.б.);
– келоидке бейімделген жағдайда;
– жаралар жазылуы ұзақ болса;
– жуық арада (2 аптадай) инфекциялық аурумен ауырған жағдайда;
– әлсіздік болғанда;
– иммундық жүйе өте әлсіреген болса;
– белгілі металл түрлеріне аллергия болса.
Біз ұсынған кеңестерді ескеріп, шешімді өзіңіз қабылдайсыз.
Дереккөз: anabol.kz