Қыста киім үлгісі сәнді әрі жылы болуы қиынға соғады. Қысқы киімдер ыңғайлы және жылы болуымен қатар әдемі әрі бір-бірімен үйлесімділігін қалаймыз. Үйлесімділік проблемасы кеңсе киім үлгісін сыртқы киіммен кию кезінде пайда болады. Басты тенденцияларға негізделе отырып, қалың киімдерді араластырып, сәнді көрінудің 4 ережесін ұсынамыз. 1-ереже. Көпқабаттылық Бұл тенденция бірнеше мезгіл қатарынан танымалдылығын кетірер емес. Дизайнерлер киімдерді қабаттап, жылынуды ұсынады. Подиумда бұлай киінген сәнді көрінгенімен, күнделікті өмірде ондай нәтиже көрсету оңай емес. Егер әртүрлі фактураны (трикотаж, былғары, шифон, жүн) үйлестірсе, көпқабаттылық үлгі сәтті деп саналады. Реңктер үйлесімін іздеңіз, олар да бір-бірімен үйлесімді болуы керек. 2-ереже. Ер мінез Ерлер стилі күз-қыс мезгіліндегі сәнді бағыттың бірі. Басынан аяғына дейін ерлер киімін кию міндетті емес, сондай бір киім қоссаңыз жарайды. Мысалы, тік пішінді қатаң пальто, көлемді бомбер немесе авиаторлық күртке. Ерлер стиліндегі сыртқы киім кеңсе киім үлгісімен жақсы үйлесім табады. Мұндай үлгіні аяқтауға челси немесе берік өкшелі ботильон аяқ киімі көмектеседі. 3-ереже. Пропорциямен ойнау Киім үлгісін түстер кереғарлығысымен қатар, әр түрлі пішін арқылы да құрастыруға болады. Қысқы киімдердің көпшілігі көлемді болғандықтан, бұл әдісті қолдану оңайға соғады. Мысалы, көлемді күртке немесе oversize үлгідегі ішік кисеңіз, төменгі жағыңызға өте жіңішке киім үйлестіріңіз. Сол кезде киім үлгісі әсем әрі нәзік көрінеді. 4-ереже. Жақын реңктер Бір түстің түрлі реңктерін қолдану ұтымды қысқы киім үлгісін жасаудың тағы бір әдісі. Өзіңіздің реңктеріңіздің (мысалы, сарғыш және қоңыр) айналасында үлгі жасаңыз. Бір киім үлгісінде бір гаммадағы екі немесе үш киім болғаны жақсы.