Қыста адамдар неге семіреді?

Семіздіктің қалыптасуына әсер ететін ішектің екі адуынды бактериясы бар: Bacteroidetes және Firmicutes. Ағылшын ғалымдары 23 елдің мыңдаған адамына зерттеу жүргізе отырып, экватордан алыстаған сайын адам денесінде Firmicutes бактериясының көбейетінін дәлелдеді. Яғни, күн салқындаған сайын семіздікке ұшырау мүмкіндігі арта түседі.

Зерттеушілердің ойынша, солтүстік аймақтарды мекендейтін адамдардың  денесінде қорғаныш жүйесі қатты дамыған: суыққа бейімделу үшін, дене массасын көбейтеді. Егер қысты күні тез салмақ жинайтын болсаңыз, онда сіздің денеңіз суыққа қарсы, қорғаныш жүйесін іске қосқан деп есептеңіз.

Осыған дейін семіздікке бейім тышқандардың да денесінен Firmicutes бактериясы табылған. Сонымен қатар, диетаға отырған адамдардың бойынан Firmicutes концентрациясы күрт азаятынын аңғарған.

Қыста толып кеттім деп уайымдамаңыз, күн жылыған бойда қайта қалпыңызға келесіз.