Fair isle - бірнеше түспен орындалған, әдемі өрнекті тоқыма әдісі. Осы техникамен тоқылған жемпірлер бұл қыста ерекше актуалды болмақ.
Бұл трендтің аты өзінің шыққан жері Шотланд аралының атына байланысты. Тоқыма техникасының ерекшелігі - айналдыра бірнеше түспен тоқу.
Fair isle-дің дәстүрлі түстері: қызыл, қара-көк, сұр және сары. Әрине қазір басқа түстердің қосылуы да орынды болып саналады.
Бұндай тоқу түрінің кең таралуы осы стильдегі жемпірлерді ұнататын Уэльс ханзадасына байланысты болған екен. Қазірде fair isle тек жемпірлерде ғана емес, бас киім, шарф, сөмкелерде де көрініс тапты.
Осындай өрнегі бар жемпірлер кез келген casual бейнемен үйлеседі. Бұндай жемпірлерді джинсы немесе түсті шалбарлармен, қысқа не орташа ұзындықты классикалық белдемшелермен киіңіз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: pinterest.com